Алгоритм типтері Сызықтық алгоритм. Тармақталу алгоритмi. Циклдiк алгоритм

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың мақсаты:

  1. Сызықтық алгоритм ұғымын енгiзу.
  2. Оқушыларды сызықтық алгоритмдердi құра бiлуге үйрету.
  3. оқушылардың алгоритмдiк ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқау:

             Алгоритммен жұмыс жалғастырылады. Сызықтық алгоритм ұғымы енгiзiледi. Командалардың бiрiнiң соңынан бiрi тiзбектелiнетiн алгоритм сызықтық алгоритм деп аталады. Мысалы,  досыңның немесе дос қызыңның туған күнiне бару үшiн мына әрекеттердi орындайсың: сыйлық дайындау, құттықтау хатын жазу, әдемi киiм кию. Көшет отырғызу үшiн де, әрекеттер тiзбегiн – алгоритмдi орындау керек. Балаларға алгоритмге мысал келтiру сұралады.

 

Тармақталу алгоритмi.

Сабақтың мақсаты:

  1. Тармақталу алгоритмi ұғымын енгiзу.
  2. Блок-кескiн түрiнде алгоритмдi қарастыруды үйрету.
  3. Кестеге алгоритм нәтижесiн жазуды үйрету.

Әдiстемелiк нұсқау:

            Тармақталу алгоритмi жаңа ұғымы енгiзiледi. Ол шарттың орындалуына тәуелдi әрекеттер ретi ретiнде түсiнiледi.  Шартты орындау барысында бiр әрекет, әйтпесе келесi әрекет орындалатынын оқушыларға дұрыстап түсiндiру қажет. Мысалы,  жолаушы көшеден өтер кезде бағдаршамның қандай сигналы жанып тұрғаны туралы шартты тексередi. Егер жасыл жанып тұрса, онда жолдан өтуге болады. Ал егер ол түс жанбаса, онда жасыл жанғанса күтедi, содан кейiн көшеден өтедi. Көктемде және күзде көшеге шығар алдында жаңбыр жауып тұр ма деп тексерiп аламыз. Егер жаңбыр жауып тұрса, онда қолшатырын аламыз. Оқушылардан тармақталу алгоритмiне мысал келтiру сұралады.

  1. Жауабы “ИЯ” немесе “ЖОҚ” болатындай сұрақтарды тап және оларға жауап бер.

1.     Сенiң атың кiм?

2.     Сен 10 жастасың ба?

3.     Бiздiң сабақ саған ұнай ма?

4.     Мұғалiмнiң аты кiм?

5.     Сенiң досың кiм?

6.     Сенде компьютер бар ма?

7.     Сенде велосипед бар ма?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.43 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 163

Похожие материалы