Здесь была ссылка на работу «Алпамыс батыр» жырының сюжеті мен композициясы. автора Сейткулова Курманкуль Ауелбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: «Алпамыс батыр» жырының сюжеті мен композициясы. Сабақтың мақсаты: Жырға әдеби талдау жасау, жырдың негізгі тақырыбын, идеялық, көркемдік мазмұнын ашу. Алпамыс бейнесінің халықтың алып қуатыныың қажымас қайратының сарқылмас күшінің көркі екендігін дәлелдеу. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, іздену, талдау. Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау. Сабақ көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакаттар, ақ қағаздар, кубик. Сабақтың барысы: 1. Топтастыру. 2. Кубизм. 3. Эссе жазу. 4. Бес жолды өлең. 1. Қызығушылықты ояту. Елдің бағын ашпаса, Ер мұратқа жетер ме? Ерінің сағын сындырса, Ел мұратқа жетер ме?!- деп Әйтеке би айтқандай елін, жерін жаудан қорғап, еліне бостандық, бірлік сыйлаған батырлардың бірі, бүгінгі сабағымыздың негізгі арқау- досына берік, дұшпанына мейірімсіз, адалдықты ту еткен, бостандықты жыр еткен- Алпамыс батыр туралы. Олай болса балалар, Алпамыс батыр туралы білгенімізді, түйгенімізді ортаға салайық. Ол үшін алдымен топқа бөлінейік. Сыныпты үш топқа бөлемін: 1. Батыр 2. Қатыгез 3. Мейірім Ал енді балалар осы сөздерді айтқан кезде біздің ойымызға не келеді, сонық бәрін топтастыру әдісі арқылы қағаз бетіне түсіріп көрейік. 2. Мағынаны ажырату: Кубизм стратегиясы 1. Зерттеңіз: жырдың идеясын, тақырыбын ашу. А) Жырда қандай мәселелер сөз болады? Ә) Жырдың негізінде жатқан басты ой неде? 2. Суреттеңіз: жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау А) Портреттеу, суреттеуді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы. 3. Салыстырыңыз: жырдағы әйелдер бейнесі бойынша Гүлбаршын мен Қаракөзайым бейнесін салыстыр. Батырлар бейнесі бойынша Алпамыс пен Қараман бейнесін салыстыр. Байшұбар мен Қараман атын салыстыр, ұқсастығын тап. 4. Қолданыңыз: Мәтіндегі ұнаған эпизодты рольде ойнап беріңдер. Мәтіннен қанатты сөздерді, архаизм мен историзм сөздерді табу. Әсірелеу, монолог түрлерін табу. 5. Пікірді қолданыңыз, я қарсы шығыңыз. Алпамысқа өз жүрегін ұсынған Қаракөзайымның қылығына қалай қарайсыңдар? Ш Ой толғаныс сатысы: «Жырдан алған әсерім» (эссе жазу) Қорыту: Бүгінгі сабақта нені білдік? Нәтижесі қандай? Үйге тапсырма: «Туады ерлер елі үшін» тақырыбында шығарма жазу.