Алтын бесігім-Жарма тәрбие сағаты

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы:Алтын бесігім – Жарма

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың туған жерге, өлкеге деген сүйіспеншілігін арттырып, еліне деген мақтаныш сезімін ояту. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
Дамытушылық: Өлең, тақпақ, мақал - мәтелдер арқылы оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын дамыту.
Тәрбиелік: Туған өлкесінің, жерінің табиғатын қорғауға баулу. Үлкендер еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу, эстетикалық талғамын қалыптастыру.

Көрнекіліктер: суреттер, слайд, мақал-мәтелдер жазылған плакат, буклет

Сабақтың түрі: кездесу

І. Кіріспе

- Армысыздар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар! «Алтын бесігім-Жарма» атты Жарма ауданының 85- жылдық мерейтойына арналған кешімізге қош келіпсіздер!

Бүгінгі біздің кешімізге Жарма ауданының құрметті азаматы, ауданымыздың көркейуіне үлес қосқан азаматтарымыздың бірі Сатпеков Әлкеш Өкрешұлы келіп отыр.

- Балалар алдарындағы О, А, Н, Т әріптерінен қандай сөз құрастыруға  болады.

-Жақсы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен -
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..
-Біздің кішкене Отанымыз Жарма ауданына биыл 85-жыл.
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 399.84 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 158

Похожие материалы