Здесь была ссылка на работу Алтын сөз автора Жакайкызы Сауле -.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Көкенова Нұржамал Өмірзаққызы Сабақтың тақырыбы: Алтын сөз Мақсаты: 1.Оқушыларға бата туралы мағлұмат беру, бата түрлерімен таныстыру, қандай қасиеті бар екенін ұғындыру. 2.Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу тілін дамыту, сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру. 3.Оқушыларды әдептілікке, имандылыққа , салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сабақтың барысы: І- Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық Күн көзіндей күлімдеп Көңілді болып жүрейік Қазіргі болар сабаққа Жүректен ақ жол тілейік! ІІ- Топқа бөлу. -Оқушылар бүгінгі сабағымыз күндегіден өзгеше өтеді. Бүгін біз сабақ барысындағы тапсырмаларды топқа бөліне отырып орындаймыз. І- топ : Асыл сөз тобы ІІ- топ :Ақ тілек ІІІ-топ : Ақ бата ІV-топ: Ақ ниет Топ басшысын анықтау. /Сұрақ қою арқылы/ Сұрақтары : 1.«Қанат туралы хикая» өлеңінің авторы кім? / Ф.Оңғарсынова/ 2. Қазына көтерген бала кім ? / Қаныш Сәтбаев/ 3.Құрмаш қай шығарманың кейіпкері: / Көксерек/ 4. «Тасбақаның шөбі» мәтінінің авторы кім? /Әбіш Кекілбаев/ ІІІ- Қызығушылықты ояту. Үйге берілген тапсырманы тексеру 2- тапсырмаға оқушылар диалог бойынша жауап береді. 1- тапсырманы кесте толықтыру арқылы тексеремін /слайд/