Америка Құрама Штаттары. АҚШ –тың экономикалық- географиялық жағдайы . Мемлекет тарихы.
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Садыков Жайық Фазылгаламович
|
география пәні мұғалімі Садыков.Ж.Ф.
Сабақтың тақырыбы: Америка Құрама Штаттары. АҚШ –тың экономикалық- географиялық жағ-
дайы . Мемлекет тарихы.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік АҚШ –тың экономикалық- географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін ашу. Мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.
2.Дамутышылық оқушылардың ел танымдылығын, баспасөз материалдарымен жұмыс жүргізе білу іскерлік- дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік оқушылардың дүниеге кең көзқарастарын қалыптастыра отырып, патриоттық, адамгершілік, ақыл-ой тәрбиесін беру.
Сабақтың көрнекілігі дүние жүзінің саяси картасы, АҚШ-тың физикалық-экономикалық
картасы , компьютер, интер белсенді тақта, туы, елтаңбасы, президент суреті.
Сабақтың типі жаңа білім беру.
Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ .Жаңа сабақ түсіндіру.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
Y. Үйге тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақ жоспары.
1. Ақпараттық – танымдық саты .(АҚШ туралы мәлімет).
2. Экономикалық – географиялық жағдайы.
3 .Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
4. Геосаяси жағдайы.
5.Сабақты бекіту. «Өзіңді - өзің сына». (Активойд арқылы тест өткізу.)
Сонымен Американың қоныстану және игерілу кезеңдерімен, тарихымен, елдерді топтастырудың басты ерекшеліктерімен таныстық..
Енді қазір сіздерге ақ қағаз, түрлі- түсті қарындаштар және түрлі – түсті карточкалар үлестіремін. Қызыл, көк, жасыл, қоңыр, сары, ақ түсті карточкларда суреттер бейнеленген. Берілген ақ қағаздарыңа жауаптарыңды сурет, жазу арқылы түсіріңдер. Суретте берілген бейнелер немен байланысты деп ойлайсыңдар. өз гипотезаларыңды үсыныңдар.
І –топ . Қызыл карточка ақ жолақтары бар - АҚШ – тың мемлекеттік туымен байланысты.
Жасыл карточка ағаштың суреті бейнеленген - бүл тапсырма АҚШ – табиғат байлықтары жазықтар , ормандармен байланысты.
ІІ - топ .Көк карточкада жүлдыздар бейнеленген – бұл тапсырмада АҚШ –тың мемлекттік туымен байланысты.
Қоңыр түсті таудың суреті бейнеленген карточка – бұл тапсырма АҚШ –тағы тау тізбектерімен , Аппалач тауларымен байланысты.
ІІІ – топ. Сары түсті тиын , ақша бейнеленген – бұл тапсырма табиғат байлығы мен ақшамен бай -- ланысты.
Ақ түсті карточка алаудың суреті бейнеленген – бұл тапсырма Нью- Йорктегі бостандық
ескерткішімен байланысты.
Әр топ берілген тапсырмалары бойынша өз пікірлерін ортаға салып талдап қай мемлекет туралы айтылғанын анықтайды. Бұл АҚШ мемлекетімен байланысты берілген тапсырмалар , олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Америка Құрама Штаттары. АҚШ – тың экономикалық – геогра-
фиялық жағдайы. Мемлекет тарихы. Дәптерлеріңізді ашып сабақтың тақырыбын жазыңдар. Саба- -ғымыздың мақсаты АҚШ –тың экономикалық –географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін ашу. Мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.
І. Ақпараттық – танымдық саты. (АҚШ туралы мәлімет).
АҚШ -Америка Құрама Штаттары (ағылшынша : The United States of Amerika ) - Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада . Шығысынды Атлант мұхитымен , батысында Тынық мұхитымен шайылады. АҚШ - көптеген атақты тұлғалардың отаны. Соның ішінде аса көрнекті саяси қайраткерлер Бенджамин Франклин, Авраам Линкольн, Томас Эдиссон Марк Твен тағы басқалардың отаны.
Слайд. Кесте арқылы АҚШ –на мәлімет беру.
Жерінің аумағы
Халқы
Астанасы
Мемлекттік құрылымы
Мемлекет басшысы
Заң шығарушы органы
Мемлекеттік тіл
Ұлттық валютасы
9млн
363мың
км
290млн
адам
Вашинг-
-тон
федерация-
-лық рес-
-публика
президент
конгресс
ағылшын
тілі
америка
доллары
Жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алады.
Слайд . АҚШ –ның мемлекттік рәміздері. Туы, елтаңбасы, президенттің суреттері.
АҚШ- ның рәміздерінің бірі мемлекеттік туы. Мемлекеттік туында 7-і қызыл және 6-ы ақ жолақтар бейнеленген. Тудың сол жақ жоғарғы бұрышында көк түстің үстінде- 50 ақ түсті жұлдызшалар орналасқан. 13 жолақ тудағы – 13 отар ағылшын үстемдігінен құтылып, тәуелсіз мемлекет –Америка Құрама Штаттарын құрды. Ал сол жақ жоғарғы бұрышындағы көк төрт бұрышқа салынған 50 ақ жұлдызша АҚШ-тың қазіргі күндегі штаттарының санына сай келеді.
Қызыл түс – төзімділікті және ержүректілікті, көк түс- сақтықты , шыншылдықты.
Ақ түс - пәктікті және тазалықты білдіреді .Жалаудың көлемі 10:19 тең. Жалау уақыт өткен сайын штаттардың санына байланысты өзгеріп отырады. Жұлдыздар жалауға 4-і шілдеде Одақтың құрамына кірген штатқа байланысты қосылып отырады. Ал жолақтар саны өзгермейді.
Елтаңба.
Елтаңбада бүркіт бейнеленген. Ол күштің, мықтылықтың белгісін білдіреді. Оның бір жақ тырнағының астында зәйтін өсімдігінің бұтағы - ол жақсылықтың және бейбітшіліктің нышаны. Ал екінші тырнағының астында садақтың 13-жебесі қыстырылған – алғашқы 13 штатты білдіреді, алдыңғы жағындағы қалқанда жалаудың бейнесі , жоғарғы жағындағы жолақта «Көптен –бір,» «Құдайға аманат « деген ұраны жазылып бейнеленген.
Ән ұран.
«Жұлдыздармен жарқыраған туымыз» («The Star – Spanqled Banner») - мемлекет басшылары бір елге келісім сөзге барғанда ,олимпиада ойындарында жеңіске жетіп орын алғанда, салтанатты жиындарда орындалады.
Президент. ( слайд президент, Вашингтон қаласы, Ақ үй).
Президент – мемлекет басшысы, ол бас әскери қолбасшы, ол заң жобасын жою құқығына ие болады. Төрт жыл мерзімге сайланады. Ең алғашқы президент Джордж Вашингтон 1789 жылы 30 сәуірде сайланды. Ортағасырдағы астролог Районер «Қара өрмекші» атанған 15 ғасырда Американы 44 президент басқарады деп болжам жасаған. Қазір АҚШ –ң мемлекет басшысы болып 44 –і президент Барак Обама басқарады. Президент Ақ үйде отырып басқарады. Ол Вшингтон қаласында орналасқан. Ақ үй деп атауы , өрттен кейін ақ сырмен сырлауына байланысты аталып кеткен.
Топтық тапсырмалар.
І-топтың тапсырмасы.
ІІ. АҚШ-тың экономикалық – географиялық жағдайы.
Дүние жүзінің саяси картасын пайдаланып , атласты пайдаланып АҚШ- тың экономикалық - географиялық жағдайына баға беру., қолайлы ,қолайсыз жағдайларын анықтау.
ІІ.- топтың тапсырмасы.
ІІ. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
Мемлекеттің тарихымен танысып , геохронологиялық жылнама толтыру.
ІІІ. Топттың тапсырмасы. Геосаяси жағдайы.
АҚШ-тың геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтау.
І-топ. ЭГЖ –н анықтап кестеге түсіру. (Слайд)
Кесте арқылы толтыру., оқушылардың өздеріне баға бергізу.
ЭГЖ-ның қолайлы жағдайы.
ЭГЖ-ның қолайсыз жағдайы.
1.Шығысы Атлант, батысы Тынық мұхит суларымен ұласып жатуы.
1. Аляска және Гавай штаттары көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіруі.
2. Латын Америкасы елдерімен жақын орналасуы.
3. Канада және Мексикамен көршілік жағдайы.
Атластарыңды пайдаланып кескін карталарыңа АҚШ-ң шекараларын түсіріңдер.
Сонымен Ақш –тың аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америка материгінде орналасқан , сондай –ақ Тынық мұхиттағы Гавай аралдары да елдің құрамдас бөлігі болып табылады. Елдің жалпы алғанда ЭГжағдайы осы ерекшеліктеріне қарағанда қолайлы деп бағалауға болады.
ІІ-топ. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
Мемлекеттің қалыптасу тарихы туралы дүние жүзін тарихы пәнімен байланыстыра отырып талдау.Оқушыларға мәтінді пайдалана отырып геохронологиялық жылнама құрастыру.
Уақыты
Басты оқиғалар
Кейінгі ғасырларда ел аумағы жаңа жерлерді сатып алуына байланысты кеңейіп, яғни құрамына жаңа жерлер еңгізілді. Мысалы: 103-і жылы Франциядан Луизиананы 15 млн. долларға , 1867 жылы Ресейден Алясканы 7,2 млн. долларға, 1819 жылы Испаниядан Флориданы сатып алды .Аляскамен Гавайи штат құрамына 1959 жылы кірді.
. Аляска деген сөз Алеут тілінен аударғанда «құрлық» деген мағынаны білдіреді екен. Ұраны: «Солтүстік –болашағы». Ең алғаш еуропалықтардан болып қоныстанған орыстар 1784 жылы. Алясканы орыстар реформан өткізуге керек болған сол себептен сатып жіберген. Аляска пайдалы қазбаларға бай, мұнай, табиғи газ, тас көмір , түсті металдарға бай.
Гавайи Тынық мұхитының орталық бөлігінде орналасқан. Экзотикалық штаттың бірі. 1779 жылы Гавайи аралдарын Джеймс Кук ашты. Гавайи аралына жылына 7 млн туристер келіп кетеді екен.
19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында АҚШ-ты экономикасы жедел қарқынмен дамып, тез арада дүние жүзіндегі жетекші орынға шықты.
ІII –топ.
Геосаяси жағдайы.
Оқушылар АҚШ-тың геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтайды.
АҚШ –тың геосаяси жағдайы, ұстанған саяси бағыты , ең алдымен оның дүние жүзіндегі айрықша орнымен анықталады.
АҚШ 20 ғасырдың басында бейтарап саясат ұстанатын жариялағанымен, дүние жүзінің саяси картасын түбегейлі өзгерткен аса маңызды саяси оқиғалар бұл мәлемдемені іс жүзінде асыруға мүмкіндік бермеді . Қандай саяси оқиғалар?
Біздің елімізбен Ақш арасындағы жан- жақты қарым- қатынастар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған соң дами бастады. Қазақстанға 1993- 2000 жылдары келіп түскен тікелей
инвестициялардың 34 пайызы АҚШ үлесіне тиесілі болды, ал оның жалпы көлемі 4 млрд207 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстанда АҚШ –пен бірлескен кәсіпорындар саны көбейіп келеді.
IY.Сабақты бекіту.
«Өзіңді - өзің сына» - активойд арқылы тест өткізу.
Y. Үйге тапсырма : 35 параграф. Кескін картаға штаттарды түсіру. Электрондық презентация дайындау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 60 Kb |
Количество скачиваний: | 30 |