Ана тілі (1сынып) Тақырыбы: "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Саденова Ляйля Сагатбековна
|
Бас әріптен басталып жазылатын сөздер туралы ұғымдарын пысықтау. Әңгіменің мазмұнын түсіндіру, негізгі ойын идеясын ашу. Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш туралы түсініктерін кеңейту. Сабақта өтілген тақырыптарға тоқталып, қайталап интерактивті тақтаның көмегімен бірнеше жұмыс түрі болды. Грамматика материалдары бойынша жіңішке сұрақтар арқылы жауап алынды. Әдебиеттік оқу бойынша мәтінмен жұмыс, мәтінді талдау сұрақ-жауап әдісі бойынша жүргізіледі. Әңгіме желісі бойынша сахналық көрініс қойылды. "РАФТ" стратегиясы бойынша топтық тапсырмада топ мүшелері өрмекші, құмырсқа, қарлығаш атынан сөйледі. Венн диаграммасы толтырылды. Бұл стратегия бойынша өрмекші, құмырсқа, қарлығашты салыстырды және үшеуіне ортақ қасиет үшеуі айқасқан жеріне жазылды. Сабақта Ы. Алтынсариннің "Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш" әңгімесі бойынша "Жарас" студиясы түсірген видеоролик көрсетілді. " Қарлығаш" атты видеоролик арқылы сергіту сәті жүргізілді. Сабақ соңында рефлексия жүргізілді. Әр топ мүшелері ауызша бір -бірін бағалады.
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 6.21 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |