Ана тілі "Буын және тасымал"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

 

Сабақтың тақырыбы:   Буын   және  тасымал

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың буын және  тасымал жөніндегі ұғым мен түсініктерді қабылдауына мүмкіндік бере отырып, жаттығумен жұмыс арқылы оқушылардың  білімді бекітуіне ықпал ету. Жұмыс жүйелілігін қалыптастыруға жол ашу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі  сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру,  сұрақ-жауап.

Көрнекіліктер: компьютер, слайд «Дымбілмеске  көмектес», дайын буындар, карташалар.

 Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:  Оқушылармен амандасу, түгендеу .

 2. Психологиялық дайындық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін  қуаныш нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Бір-бірімізге  күлімдейміз, қолымызды қысып амандасамыз, қатты құшақтасамыз.

 3.Үй тапсырмасын тексеру.

         Ережені еске түсіру. « Сөздер      буындардан құралады.

 Сөзде  қанша дауысты  дыбыс болса, сонша буын болады.»

/ауызша  мысалдар/

 Ойын «Аспаннан  буын  жауғанда»

/буындарды орнына қою/

Тақтаға  кезектесіп  шығып  жазады.

 Ба,ла, пар,та,   тақ,та, кі,тап. / буындарынан  сөз  құрау./

4.Дәптермен  жұмыс.

Бала,парта, тақта, кітап  сөздерін  дәптерге жазып  дауысты дыбыстың астын қызыл қарындашпен сызу.

5. Сөздерді буынға  бөліп  оқу.Әр сөзде неше буын бар екенін анықтау

Гүл,еден,мұз, асық, қобыз, сырнай,бағбан,әнші, балапан,домбыра.

 Тапсырмаларды оқушыларға тізбектеп оқыту. Олардың қателерін дер кезінде түзету.

6.Сергіту сәті.

Қоюланып тағы бұлт,

Жауды жаңбыр себелеп.

Жапырақты жамылып

Бұға қалды көбелек

7.Тасымалдау жолын көрсет.

Балалар, тасымалдау туралы  не айтасыңдар ?

Егер  сөз  жолға сыймаса оны буынға   бөліп  келесі жолға тасымалдаймыз.

Бар-ды,ө-зен , кел-ді, О-тан. Тасымалданбайтын сөзді көрсет

 8. Слайд –шоу. «Дымбілмеске көмектес.»

 Әрбір оқушыға жеке-жеке тапсырма беру.

9.Логикалық ойын « Бес  мысықты тауып шық»

10. Үлестірмелі карташа. Түсіп қалған әріптерді  тауып жазып, сөздерді дұрыс буынға бөл.

 

11. Сабақты қорытындылау. Сөздер буынға қалай бөлінеді?

                                                  Сөздерді қалай тасымалдаймыз?

12 .Үйге тапсырма беру.  4- жатттығу. Сөздерді буынға бөліп жазу.

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 30.5 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 156

Похожие материалы