Ана тілі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Түркістан қаласы №23 жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Болатова Мөлдір    Ана тілі Сабақтың тақырыбы:  Сиыр Сілтеме: Жоспар Жалпы мақсаты: Төрт түліктің бірі сиыр жануары  туралы түсініктерін кеңейту. Төрт түлікке қамқор болуға үйрету. Күтілетін нәтиже Төрт түлікті ажырата алады,сиыр жануарының басқа жануардан ерекшелігін сипаттай біледі.     Негізгі идея                түйе                      жылқы     сиыр      қой,ешкі Оқыту әдісі Топтық жұмыс Жұптық жұмыс Жеке жұмыс Сабақтың көрнекілігі:   Кесте,оқулық АКТ                               Жүргізілетін жұмыстар Сабақтың кезеңі,уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті       5мин.                       Тұсаукесер 10-мин                                       Негізгі бөлім 25- мин                                                                                                           Қорытынды   5мин І.Ұйымдастыру :1.Сәлемдесу                                 2.Оқушыларды түгелдеу.                                3.Топқа бөлу. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау  «Торы құлын»өлеңін мәнерлеп оқыту. ІІІ. «Бәйге«сұрақтарымен сабақты пысқтау ІҮ.Назарларын жаңа сабаққа аудару 1.Топпен жұмыс -Балалар,үй жануарларын атап,өтейікші.         түйе                      жылқы     сиыр      қой,ешкі   -Үй жануарларын тағы қалай атауға болады? -Неге төрт түлік дейміз? -Олар бесеу емес пе? Топпен жұмыс Ой қозғау 1 топ  Жылқы жайлы не білетіндерін атап өтеді. 2 топ Түйе жайлы не білетіндерін атап өтеді. 3 топ Қой,ешкі жайлы не білетіндерін атап өтеді. 4 топ Сиыр жайлы не білетіндерін атап өтеді. -Әр малдың өз атасы,пірі болады атап өтейік. Төрт түлікке байланысты тыйым сөздерді ата. 2.Оқулыпен жұмыс Жеке жұмыс Сиыр өлеңін мәнерлеп оқу. Өлеңге сүйеніп,суреттегі сиырды сипаттау. Мүйізі . . . (айдай иілген) Мұрынын . . .(көкке шүйірген) Ірімшік,құрт,майы . . . (жегенде тілді үйірген) -Сиырдың қандай пайдасы бар? Сиырдың адамзатқа тигізер пайдасы өте көп екен. Топпен жұмыс -Сүт өнімдерінің пайдасы қандай? Сүттің құрамы Сүттің түрлері       1 литрдегісі   Су Сүт қанты Белок Май Тұз Сиыр сүті 873 48 33 37 7 Бие сүті 890 61 27 16 5 Қой сүті 837 46 55 53 9 Постерге сәйкестендіру Бие                                      мөңірейді. Түйе                                    маңырайды. Сиыр                                   боздайды. Қой                                       бақырады. Ешкі                                      кісінейді Постер қорғау. Жұптық жұмыс Бие кісінейді.    Түйе   боздайды.                                 Сиыр  мөңірейді. Қой   маңырайды.                                    Ешкі   бақырады.Сөйлемдерден етістікті табу. Сергіту сәті Әр топ төрт түліктің дыбысталуын салады. «Кім жылдам» ойыны Мына малдардың қайсысы қалай төлдейтінін жаз.   Ү.Жеке жұмыс Өзіңді-өзің тексер: -Бүгінгі сабақтан не білдіңдер? -Сиырдың қандай пайдасы бар?  ҮІ.Бағалау:Оқушылардың бағаларынан кейін қорытынды баға шығарамын. ҮІІ.Үй тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп оқу.Сызбаны толтыру. Кері рефлексия: Сабақтың мақсатына жеттім бе?     1.Мұғаліммен сәлемдесу 2.Бір-біріне сәттілік тілейді. 3.Оқушылар стикер таңдау арқылы топқа бөлініп отырады. Оқушылар үйге берілген тапсырманы оқиды. Талқылау үшін сұрақтарға жауап береді. Бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалайды. Оқушылар үй жануарларын атап айтады. Үй жануарлары: түйе,    жылқы,сиыр, қой,ешкі   -Төрт түлік дейміз. -Төрт түлік дейтін себебі, қой мен ешкі бір мал есебінде кетеді.Өйткені уақ малға жатады.       Оқушылар әр малдың пірін атап өтеді. Төрт түлікке байланысты тыйым сөздерді атап айтады. Малды жыңғылмен айдама. Кендірмен байлама.Бағдаршам арқылы бірін-бірі бағалайды. Жеке жұмыс Сиыр өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңге сүйеніп,суреттегі сиырды сипаттау. Пайдасын айтып өтеді. Сиырдың етін жейміз,сүтін ішеміз,терісін киім етіп киеміз. Пірі-Зеңгі баба.   Балалар сүт өнімдерін айтады.     Емдік қасиеті Асқазанға Ұйқы безіне Жүйке жүйесіне Жүрек қан тамырларына Қаны аздық ауруларына   Оқушылар сәйкестендіреді.   Бие кісінейді. Түйе   боздайды.                                 Сиыр  мөңірейді.                                 Қой   маңырайды.                                    Ешкі   бақырады.   Постер қорғау. Жұптық жұмыс     «Бармақ«арқылы бағалау                                  Сергіту сәті   «Кім жылдам» ойыны Жылқы құлындайды. Түйе боталайды. Сиыр бұзаулайды. Қой қоздайды. Ешкі лақтайды.               Жасалған жұмысты екі жұлдыз,бір ұсыныспен бағалайды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.36 Mb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 140

Похожие материалы