Планирование для начальных классов
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Рабочие программы |
| Автор: |
Мендехаджаева Бақыт Раевна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың тақырыбы: Батылдық Сабақтың мақсаты: 1. Оқу дағдаларын қалыптастыру. 2. Тіл байлығын дамыту. 3. Білімділікке тәрбиелеу. Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі. Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары, кестелер, суреттер. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: а) әңгімені оқыту ә) мазмұнын айтқызу б) үй тапсырмасын қорытындылау. III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі: Мақал-мәтелдерді түсініп оқу. · Батырлық білекте емес, жүректе. · Айлалы батыр алдырмас. - Мақал-мәтелдер не туралы айтылған? IV. Мақсат қою Бүгінгі сабақтың мақсаты – мәтінмен танысу. V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: 1. Мұғалімнің түсіндірмесі 2. Мәтінді оқушыларға оқытып, талдау. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап алу - Балуан Шолақтың шын есімі кім екен? - Ол неліктен «батыл бала» «батыр бала» деп атанған? 3. Сергіту сәті. VI. Жаңа материалды меңгергенін бекіту кезеңі: 4. Оқушыларға оқыту: Іштей, дауыстап, тізбектей. 5. Дәптермен жұмыс. Сөздік: Құрық- басында ілмек арқаны бар сырық ағаш. Жәукемдеп- құртып. 6. Суретпен жұмыс: - Суретте нені көріп отырсыңдар? - Мәтінге сүйеніп «алып баланың» күшігі туралы әңгімеле. 7. Қорыту. Сұрақ жауап арқылы: - Сабақта не жайлы әңгімеледік? VII. Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау VIII. Үйге тапсырма беру: Әңгімені оқып мазмұндау
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 29,6 КБ |
| Количество скачиваний: | 18 |