Здесь была ссылка на работу Қармаққа түскен шағала автора Айпеисова Нурила Пирмашовна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Қармаққа түскен шағала. Марат Тоқашбаев Сабақтың мақсаты: 1. Мәтінді оқып, мазмұны мен идеясын ашуға көмек беру. 2. Өз бетімен талдауға, зерттеуге, шығармашылык жұмысқа мүмкіндік жасау. 3. Оқушылардың табиғатты, қоршаған әлемді, оның әсемдігін сөз арқылы, көркем әдебиеттегі адам сезімдері аркылы түсінуге жағдай туғызу. Сабақтың көрнекілігі: таяныш сөздер, ребус, «5 жолды өлең» стратегиясы, тақта, бор. Сабақтың барысы: I. Қызығушылықты ояту. Ескерту. Сабақ тақырыбы әлі жазылмайды, оқушылар бірнеше топтарға бөлініп отырады. Тақтада ребус тапсырма беріледі. , , , , , , - Шыққан сөз - шағала. Мына тірек сөздерді пайдаланып, 3 минутта қыскаша «Шағала» атты мәтін құрастыру: Көрдім. Қиналды. Жанашырлык сезім пайда болды. Көмектестім. Жазылған мәтінді әр топтан бір оқушы оқиды. Оқушылардың жұмыстары қорытындыланады. II. Мағынаны тану. Мәтінді басынан бастап, «Қызыға карап тұрған Өркен» деген сөйлемге дейін оқу. Оқушыларга тапсырма: 1. Мәтінді іштей түсініп оқу. 2. Түсініксіз сөздерді түртіп алу. Іштей оқу аякталған соң, оқушыларға сұрақтар қойылады: 1. Бұл оқиға кайда болған? 2. Кеме үстіндегі бала өзі үшін не жаңалык ашкандай болды? 3. Шағала қандай қиыншылыққа тап болды? (Оқушылар терген қиын сөздермен жұмыс жүргізіледі. Оқулыққа, мәтінге, түртіп алған сөздерге карап жұмыс жасау). Сонымен, әңгіме ары карай қалай дамиды деп ойлайсындар? (Ауызша болжау тыңдалады). - Шағаланың тағдыры не болғанын білгілерің келсе, әңгімені ары карай окимыз. а) Іштей оку. ә) Мазмұнын түсіну. б) Кеме үстіндегі баланын шағала туралы тағы не білгенін аныктау. (Ізденіп, зерттей оқу максатында). Оқу аякталған соң, мынандай сұрактар қойылады: - Шағаланы асырамак болған бала оны неге жібере салды? Әңгімеде осының себебін білдіретін сөйлем бар ма? (Мәтіннен іздеу.) - Әңгіме туралы сендердің болжамдарың дұрыс болды ма? (Салыстыру) - Жазушы баланың шағаланы босатып жіберуі аркылы кандай ой айтпақ болды? в) Сергіту сәті. Ұшу, қанат қағу, қону, жүзу, балық аулау, т.б. қимылдарын жасау. III. Ойтолғау. а) Сабак басында жазған өздеріңнің әнгімелерің мен автордың әнгімесіндегі ұксастык неде? (Салыстыру, дәлелдеу). Мазмұнындагы ұксастық. Мәселесіндегі ұксастык. Ой, яғни идеясындағы ұксастыктарды ашып талдау. ә) Осы әңгімедегі шағаланың образын шығару үшін «5 жолды өлең» жазу. 1-жолы - өлең тақырыбы (көбінесе зат есім); 2-жолы - тақырып сипаты (екі сын есім); 3-жолы - әрекет (тақырыпқа қатысы бар үш етістік); 4-жолы - сезім (тақырыпқа автордың көзқарасын білдіретін төрт сөзден тұратын тіркес); 5-жолы (бірінші жолдың мағынасына сай қайталайтын синоним сөз). ! Мысалы: 1-жол - Шағала. 2-жол - Білетін, білмейтін. 3-жол - Окимын, таңданамын, ойланамын. 4-жол Қызығамын, аяймын, ризамын. 5-жол - Теңіз құсы. Үйге тапсырма: Жоспар бойынша әңгімелеу. Қорытындылау: Бағалау: