Ауа-райы.Ауа-райы болжамы және оның мәні

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабактың тақырыбы:  Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні.     Сабактын максаты:  оқушылардың ауа райы туралы алған білімін кеңейту. Сабактын міндеттері: 1 Адам өмірі мен ауа температурасының арасындағы байланыс жайлы түсіндіру. 2. Ауаның қоршаған ортаға әсері мол екенін айтып, ауаны қорғауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: жыл мезгілдерінің суреттері. Сабақтың барысы: 1.         Жаңа сабақтың тақырыбымен мақсатын хабарлау.2.     Пікір айт.   Бүгін ашық күн. Күн сәулесі жарқырап түр. Адамдар да қуанышты, бір-біріне күлімсіреп сөйлеп жүр. Ауа райыныц жақсы болганына бәрі қуанышты.   -           Қалай ойлайсыңдар, осындай ауа райы қандай мамандық иелері үшін қолайлы? Бүгін бүлтты күн. Жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Адамдар жылы киінген. Қолына колшатыр ұстап жүр. ~ Жаз мезгіліндегі жаңбырдың пайдасын айтыңдар. 3.         Кел, ойланайық! -           Адамға ауа райын алдын ала білу не үшін кажет? Мақалдың мағынасын ашу. Шанаңды жазда сайла. Жаз жазыларсың, қыс қысыларсың.   4- Оқулықпен жүмыс. Мәтіннің 1 -абзацы бойынша сызба құрастыру.                                                            Бұлтты                                                            Жауын-шашын Ауа райы                                          жел                                                            Ауа температурасы 5. Сарамандық жұмыс (оқулықтағы тапсырма бойынша).   1.         Мәтінді жұп болып оқу. Окушылар мәтінді бөлікпен оқиды, сонан соң бір-бірімен пікір алмасады, бір-біріне сұрақ қояды, жауап береді.   2.         Әңгіме жүргізу.   1.         Ауа райын білу кім үшін маңызды?   2.         Ауа райын болжаумен қандай қызмет айналысады?   3.         Ауа райы адам өмірі мен қоршаған орта үшін қандай маңызға ие?   3.         Мәтіндегі бұлттар жайлы жазылған бөлікті өздігінен оқыту.   4.         Топпен жүмыс. Жауын алдындағы ауа райын бейнелейтін сурет салу. Жұмыстарын көрсету.   5.         «Найзағай», «Найзағай алдындағы ауа райының өзгеруі» әңгіме құрастыру.   6.         Сабақты қорытындылау. Ауа райы, ашық, жарқырайды, жауады, соғады, жақсы ауа райы адамдарды қуантады, жұмыс, көңіл күй сөздерін пайдаланып, бес жолдық өлең құрастыру.   7.         Үйге тапсырма беру. «Ауа райы. Ауа райы болжамы және оның мәні» мәтінін оқып келу. Ауа райын бақылап келу.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.49 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 153

Похожие материалы