Ар-ұят туралы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Сабақтың тақырыбы: Ар-ұят туралы. Жұбан Молдағалиев Сабақтын мақсаты: 1. Оқушыларға Ж. Молдағалиев туралы мағлұмат беру. Ар-ұяттың бала жасына сай мазмұнын кеңірек ашу, мәнерлеп оқуға жаттықтыру. 2. Ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту арқылы көркем сөйлеу тілдерін дамыту. 3. Қайырымдылыққа, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге, жанашырлық, мейірімділік сезімдерінің дами түсуіне ыкпал ету. Сабақтың көрнекілігі: Ж. Молдағалиевтің портреті, канатты сөздер, текше, магнитофон, диафильм. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын корытындылау. I. Қызығушылықты ояту. Ой қозгау. Иман - нұр, көркейтер салтыңды, Иландыр әдепке халкыңды. Әдеттен пәк сақтап паркыңды, Әдеп пен адалдык, ар - құнды. Өленді мәнерлеп оку, негізгі ойын анықтау. Ар -үят сөзін естігенде кімге не елестеуі мүмкін? (Және неліктен?) «Топтастыру» стратегиясын пайдалану аркылы: 1. Жеке 2. Жұпта 3. Топта пікірлесіп, ортак ойды кағаз бетіне түсіру. ІІ. Мағынаны тану. - Бүгін біз Ж. Молдағалиевтің «Ар-ұят туралы» өлеңімен танысамыз. Автор туралы мәлімет беру. Өлеңді мұғалімнің мәнерлеп оқып шығуы. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өлеңдегі көркем сөздерді, сөз тіркестерін сызып отыру. Өлеңді оқушылардың мәнерлеп, түсініп окуы. «Түртіп алған» сөздерді, сөз тіркестерін пайдалана отырып, өлеңнің негізгі мазмұнына кыскаша шолу жасау (мазмұндау немесе басынан өткен оқиғаны сипаттап беру). Сұрақ: - Өлең жолдарынан өзін білетін кандай макал-мәтелдер байкалды? - Өлеңнің мазмұнын ашатын тағы баска кандай макал-мәтелдер айтар едің? Өлеңге катысты сөздер       Өленге катысы жок сөздер   «Түртіп алған» сөздерді теріп, ауызша мысалдар келтіріп барып жазу. Тағы баска кандай такырыпка сай сөздерді атар едің? - жеке, жүпта...                 Жеке жұмыс. Сергіту сәті. Топтык тапсырмалар. Үлестірмелі карточкалармен жұмыс, «Кубизм  стратегиясы аркылы таңдау. 1-топ: Берілген жұмбақты шешу. Рөлге еніп, батыр мен қорқақты сипатта. Бұлар да ар-ұяттың бір бөлігі екенін дәлелде. 2-топ. Ар-ұятты көзге елестете отырып бейнеле (суреттеп жаз). 3-топ. Ар-ұятқа зиян келтіретін біздің әрекетіміз («Т кестесін» құру). 4-топ. Ар-ұятты қорғауға арналған біздің әрекетіміз («Венн диаграммасын» құру). III. Ойтолғау. «Кубизм» әдісін пайдаланып сабақты бекіту. 1-беті. Ақын өлеңінде нені жырлаған? Суреттеп бер. 2-беті. Ар-ұятты ақын неліктен жоғары қойып тұр деп ойлайсың? Дәлелде. 3-беті. «Ажалдан әркім-ак бір өлер. Үяттан бір емес, күнде өлер. Үят - өлімнен күшті», -деген өлең жолдарын естігенде көз алдыңа не елестейді? 4-беті. ¥ят, батыр, батыр, ержүрек, қорқақ сөздерін колданып. тақырыпқа сай мәтін жаз. Сабақты қорытындылау. - Бүгінгі сабақтан қандай тәрбиелік маңызы зор білім алдың? - Өлеңнің сөзіне музыка жазуға болар ма еді, қалай ойлайсың? Сұрақ тапсырмаларды орындау. Бағалау. Үйге тапсырма. Өлеңнің ұнаған шумақтарын жаттап ал. Мақал-мәтелдер жаттау      
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.98 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 143

Похожие материалы