Ана тілінен ашық сабақ "Ақсақ киік"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: С.Сейфуллин. «Ақсақ киік» өлеңі

Сабақтың мақсаты: Білімділік: ақын жайлы білетін мәліметтерді еске түсіру, өлеңнің тақырыбы мен мазмұнын ашу;

Дамытушылық: шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілетінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау;

Тәрбиелік: табиғатты қорғай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақтың міндеті:

-Мәнерлеп оқуға үйрету

-Өз ойын айта білу дағдысын жетілдіру

-Сөйлеу тілін дамыту

-Сабаққа белсенділігін арттыру

Сабақтың түрi: кіріктірілген сабақ Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, сөзжұмбақ шешу, түсіндіру.
Пәнаралық байланыс: дүниетану,музыка
Көрнекілігі: С.Сейфуллин суреті, электронды күй дискісі, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.

II. Үй тапсырмасын қайталау -Қане, балалар,өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? -- Сәбит Мұқановтың «Көкшенің көрінісі» әңгімесімен таныстық.

- Бұл әңгімеде Көкшенің көрінісі қалай суреттелінген?

- Қане, кім әңгімелеп айтып береді? (Оқушылардан сұрау)

- Тақтадағы Көкшенің көрінісін көрсетіп тұрған слайд арқылы өткен сабақты қорытындылау

ІІІ. Жаңа сабақ

1) -Балалар, біз бүгінгі сабағымызда С.Сейфуллиннің тағы бір шығармасымен танысамыз. Ол үшін мына сөзжұмбақты шешейік.


1. Сәкеннің шын аты кім? (Садуақас)

2. Сәкен Сейфуллин кім? (Ақын)

3. Сәкен қандай адам болған? (Сұлу)

4.Сәкен Сейфуллинді ақын дедік, тағы да кім дейміз? (Жазушы)

5. Сәкен қай облыста дүниеге келген? (Қарағанды)

6. Сәкеннің шығармасы. (Көкшетау)

7. Сәкен аға туралы жазған Сәкеннің бауырының аты. (Мәжит)

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.06 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 143

Похожие материалы