Ана тілінен ашық сабақ "Қауын мен қарбыз"

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

№ 19 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Айсугурова Улбосын Амирхановна

Мерзімі:

Пәні: Ана тілі

Сыныбы: 4 сынып

Сабақтың тақырыбы:

Қауын мен қарбыз. Жолтай Әлмашев

Сабақтың мақсаты:

Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқуға, ертегінің негізгі ойын табуға үйрету; тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту; достықты құрметтеуге, ынтымақшылдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, адамгершілікке баулу.

Өзара бірін-бірі бағалауды үйрету.

Сөздік қорын молайту, өзін еркін ұстауға қалыптастыру,ой-өрісін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Оқушының тапсырма барысында қызығушылығы, ойлау жүйесі артады. Сыни көзқарас білдіруді үйренеді. Бағалаудың мақсатын түсінеді.

Сөздік қоры дамиды.Өзін еркін ұстайды. Ой-өрісі дамиды.

Елін, жерін қорғай білуге тәрбиеленеді, сыныптың реттелігі қалыптасады.

Сілтеме

Оқулық «Ана тілі», Бастауыш сынып әдістемеліктері. Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Негізгі идея:

Блум таксаномиясымен жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:

Сыни тұрғысынан ойлау, жеке жұмыс, топтық жұмыс, бағалау әдісі, блум таксаномиясы, интерактивті әдіс,постер әдісі

Сабақтың көрнекілігі:

Тақта, суреттер, кестелер, плакаттар.

Тапсырма көздері:

Жұппен жұмыс, топпен жұмыс, сұрақ-жауаптар ,кестелік тапсырмалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Үй тапсырмасы

ҮІ. Рефлексия

І. Ұйымдастыру

а) Сәлемдесу

б) Психологиялық сабаққа дайындық:

«Менің көңіл-күйім» жаттығуы

Армысың жарық күнім Көңіл-күйім ашылады,

Шуағымен берген білім, Өзіңдей боп жарқырайды.

Ертегі ,өлең үйрететін Бүгін бізде мол дайындық

Құрметтейміз ана тілін! Қабыл алшы жарық күнім !

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қайнекей Жармағамбетовтың « Ормандағы оқиға» атты ертегісі не жайлы?

Ø Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?(шағыстыруы).

Ø Қараағаштың қылығы қандай адамды елестетеді?

Ø Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті?

Ø Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер қауын, қарбыз жеп көрдіңдер ме? Оның дәмі қандай? Олар туралы жұмбақ білесіңдер ме?Ү. Жаңа сабақ. Жолтай Әлмашевтің «Қауын мен Қарбыз» ертегісін түсініп оқу; сөздік жұмыс: Түйнек – өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні. Тұз тағылары – далада тіршілік ететін жабайы аңдар. Пәлек – қауын-қарбыздың көлбей өскен өркені. Сұрақ-жауап: Қарбыз бен Қауын қандай шешімге келді? Қауынды кім тауып алады? Қарт қауынның дәнін не істеді? Қарбыздың жағдайы не болды? ҮІ.

Білімін тексеру. 1.Бұл ертегіден нені түсіндің? 2. Ертегі қалай басталатынын дәптеріңе жаз.(Ерте- ерте, ертеде, ешкімнің табаны тимеген ен далада Қауын мен Қарбыз жайқалып өсіп тұрыпты...) 3. Қарбыздың жалғыз қалып өкінген жерін ертегіден тауып оқы.

ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Нелер жайлы? «Дән – Қауынның жүрегі. Осы өлмесе, ол мәңгі жасайды» дегенді қалай түсінесің? Бұл үзіндіні, яғни Қарбыздың жағдайын оқығанда қандай сезімде болдың?

ҮІІІ Үйден: оқу, әңгімелеу. Суретін салу.2. Бағалау .

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 58.45 Kb
Количество скачиваний: 69
Просмотров: 278

Похожие материалы