Ана тілінен ашық сабақ Буын "Төзім" 62-64 жаттығу

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Видеоуроки
Автор:

Қызылорда облысы Арал ауданы Жақсықылыш кенті

   №19 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

               Берсугирова Мирамкул

 

Ашық сабақ     1 сынып

 

             Сабақтың тақырыбы:Буын «Төзім»  62-64  жаттығу.

Сабақтың тақырыбы:

Білімділік:Балалардың буын жайында алған білімдерін толықтыру,сөзді буынға бөлу үшін не керек екендігін түсіндіру.

Дамытушылық:Балалардың ойын,шығармашылық қабілеттерін,өз беттерінше жұмыс жасауын қадағалау.

Тәрбиелік: Балаларды төзімділікке ,шыдамдалыққа,ұқыптылыққа тәрбиелей отырып,еріншек,жалқау болудан аулақ жүруге тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрау, ,венн диограмма.

Көрнекілік:слайд,карточкалар,сөзжұмбақ,сурет.

 

Сабақтың барысы: І:Ұйымдастыру кезеңі:

Балалардың назарын сабаққа аудару,үй тапсырмасын сұрау.

 

                                                      ІІ Жаңа сабақ

Балалар біз бүгінгі сабағымызды бастайық.Сендер үйде «Бөрік»мәтінін қайталап оқыдыңдар.Әңгімеде Нұрмаш деген бала және Бекбай атай бар екен.Сол Бекбай атай бүгін бізге қонаққа келіпті.Сол сендерді үш топқа бөлсін дейді.

 

І топ-Әріп

ІІ топ-Буын

ІІІ топ-Сөз

Ал,біз топқа бөлініп алдық,енді топ болып жұмыс жасаймыз.Бекбай атай үлкен арбасымен келіпті,арбасында үлкен сандық бар екен.Бұл сандық әрине сендерге әкелінген.Ішінде не бар екенін көрейік.

 

Сандықта: 62- жаттығу. 1-тапсырма

Үш топқа мынадай тапсырмалар бар:Жарты суреттерді біріктіріп,буынға бөлінген сөзді анықтау.

І топ   Ал  ма

ІІ топ   Ор  ман

ІІІ топ   Қо   ян

 

1 Тапсырмалар.

Әріп тобы:   -Алма сөзі неше әріптен құралған?

                       Орман және қоян сөздері ше?

Буын тобы:  -Алма,орман,қоян сөздерін буынға бөліңдер

                       Неліктен олай бөлдіңдер?

Сөз тобы:    -Барлығы қанша сөз құрадық.

                      Алма,орман,қоян сөздері жуан естіле ме,әлде жіңішке естіле ме?

 

2 Тапсырма

Үш топтан кезек-кезек шығып сөздерді тиісті бағанға жазады.

Ұс-та                                              ор-ман                             қо-ян

ән-ші                                          ас-тық                              ки-ік

еш-кі                                           әс-кер                                        пи-яз

ал-ма                                         өр-нек                                        бу-ын

 

3 тапсырма      Сөзжұмбақты шешу.

Екі дауыссыз дыбыс қатар келген сөздерді табу үшін мына сөзжұмбақты шешеміз.Тиісті дауыссыз дыбыстарды қой.

(ұста,әнші,ешкі,әскер,өрнек)

 

ұ

с

т

а

 

ә

н

ш

і

 

е

ш

к

і

 

ә

с

к

е

р

ө

р

н

е

к

 

Бекбай атайдың сандығында тағы не бар екен,көрейік.

 

64-жаттығу 1 тапсырма

Буынға бөлінген сөздерді оқыңдар.

Ерт-те

Құ-мырс-қа

 

2 тапсырма

Берілген сөздерді буынға бөліп тиісті сөздің астына жаз.

Ұрт-та                                        жұ-мырт-қа

Айт-па                                              ше-гірт-ке

                                                          Ке-сірт-ке

 

3 тапсырма

Тағы қандай ұқсас сөздерді білеміз.

Сүрт-пе, құрт-па, сорт-та

 

Енді біз Бекбай атаймен қоштасамыз.Оның әкелген тапсырмаларын біз тез,оңай орындап тастадық.Барлығымыз жазып аламыз.

 

Сергіту сәті

«Төзім» деген мәтінді қарайық.

Сурет берілген,онда әжесі мен немересі отыр. Сол мәтінді сендерге оқып берейін,ал сендер мұқият тыңдап алыңдар.

 

Венн диограммасы

Аяулы                                       Гүлдана

Еріншек                                       төзімді

Жалқау             ертегі                     ұқыпты

Төзімсіз                 тыңдады           алғыр

 

Енді мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Карточкамен жұмыс

Әріп тобы  -Төзім сөзінде неше әріп бар?

                   -Неше дауысты,неше дауыссыз дыбыс бар?

Буын тобы  -Ықылас сөзін буынға бөл.

                    -Неше буын бар ,неліктен?

Сөз тобы    -Осы екі сөз қатар келген сөйлемді мәтіннен тауып оқу.

 

Оқушыларды 3 топ жақсы атсалысып,өз білімдерін көрсеткендері үшін бағалау.

Үй тапсырмасы:63-жаттығу.Мәтінді түсініп оқып келу.

                  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 380 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 146

Похожие материалы