Здесь была ссылка на работу Аналогты сигнал коммутаторлары автора Калакова Гульсим Кабдуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сигнал комутаторларының және аналоты кілттердің құрылғысы. Сигналдар коммутациясы бірнеше ток көзінен келіп түсетін, анықталған тәртіп бойынша сигналдар бір сызық бойында бірігетін кең таралған әдіс болып табылады. Сәйкес өңдеуден кейін бұл сигналдар басқа комутатордың көмегімен әр түрлі атқарғыш құрылғыларға жолдануы мүмкін. Реттелген енгізу мен шығару ережесі бойынша сигнал қабылдағыш пен ток көзін адрестеу көмегімен, сонымен қатар сигнал комутаторларының жіберілуіне байланысты жүзеге асырылады. Комутатор арқылы сигнал қабылдағыштардың және ток көздері байланысы құрылымының жалпы сызбасы 11.1 суретінде көрсетілген. Коммутатор диодтар мен транзисторларда орындалған анықталған күйде байланысқан электронды кілттерден тұрады. Аналогты сигналдардың кілттері ток көзінен қабылдағыштарға сигналдарды бұрмаландырмай жіберуді қамтамасыз ету керек. Алайда жіберу процесінде кілттер жіберіліп жатқан сигналдарды бұрмалап жіберуі мүмкін. Бұл бұрмалаулар біріншіден, кілттердің өзінің қасиетіне, және де басқару сигналдарына байланысты болады. Басқарушы тізбектегі сигналдар жіберіліп отырған сигналдардың үстіне орналасуы мүмкін, басқаша айтқанда басқарушы тізбектің жіберілетін сигнал тізбегінде кедергісі болуы ықтимал. Әдетте коммутаторды басқару құрылғысы сандық болып табылады және не алдын-ала орнатылған бағдарлама бойынша, не микропроцессорлардың немесе мини-ЭВМ басқаруымен жузеге асырылады. Соңғы жағдайда коммутаторды басқару бағдарламасы өзгертілуі мүмкін. Белгілі бір кілтті таңдау үшін және оның функциясын тағайындау (яғни қосып, сөндіру) үшін командалардың адресті дешифраторы қолданылады Одан басқа сигналдардың жіберілу кезінде кілттердің өздерінің жылдамәркеттілігімен байланысты немесе басқару құрылғысының жылдамәрекеттілігімен байланысты уақытша тоқтауы мүмкін. Қай жағдайда болмасын жіберілетін сигналдардың бөлшектерінің жоғалуы немесе бұрмалануы мүмкін, мысалы, сигнал фронттарының созылуы немесе олардың қызметінің өзгеруі. Сигналдардың жіберілу кезіндегі жоғалтуды жою үшін, және де сигнал қабылдағыштар мен кедергі көздерінің келістіру үшін коммутаторлардың құрамына келістіруші тұрақтаушы күшейткіштер кіреді. Бұл күшейткіштердің жіберілу коэффициенті орнатылған басқару құрылғысының көмегімен тиянақталады. Егер сигнал көздері мен сигнал қабылдағыштары өзгеретін болса, онда коммутатор екі бағытты болу керек, яғни екі бағытта да сигналдардың жіберілуін қамтамасыз ету керек. Мұндай мәселе аналогты жазуды жады құралында жазуда, бұл жағдайда сигнал көзіне айналатын жады құрылғысының опталдарын санаушы ақпарат қабылдағышы болып табылады. Кемшіліксіз және нақты кілттердің тұйық және алшақ күйлері 11.2 суретте берілген. Бұл сызбалар кілттердің статистикалық режиміндегі күйін көрсетеді және басқару тізбегі кедергінің анализі үшін немесе кілттердің өзінің динамикалық режимінде қолданыла алмайды. Тұйық кілт (11.2 а.сурет) тұрақты емес, күрделі күйде кілт арқылы iк тоққа бағынышты r0 ішкі кедергісі болады. Дәйекті кедергімен бірге жалпы жағдайда тоққа бағынышты қалдық кернеу е0 әсер етеді. Тұйық кілтті (1.26 сурет) жалпы жағдайда тұйық кілттің Uk. кедергісіне бағынышты кему кедергісімен rэ және тоқтың кему көзімен iЗ алмастыруға болады. Кілттердің динамикалық модельдері паразиттік сыйымдылық пен индуктивтілікті қоса алады. Бұл алмастыру сызбаларының көмегімен кілттердің жылдамәсерлілігінің анализін немесе басқару тізбегінде коммутационды кедергілерді есептеу мүмкіндігі бар. Кілттердің индуктивтілігі мүмкінінше үлкен жиіліктерде және негізінде, олардың нәтижелерінен білінуі ықтимал.