Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды

Предмет: Другое
Категория материала: Конспекты
Автор:
Қазір концерт, туған күн, той –томалақта «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды…» деген ән жолдарын қосылып айтып жатады. Бұл анаға деген құрмет-қой деп жүрдім. Бірақ мұны жасөспірім жеткіншектер  қалай қабылдайды деген оймен оқушы қыздарға «Анашым» әні туралы не ойлары бар екенін жаздырдым. Жазғандарын оқи отырып, төбе шашым тік тұрды. Анам болса ғана қартаймайды екенмін де әкем болса қартайып тезірек о, дүниелік болып кетемін бе, деген «теріс» ой келді маған. Анамды өте жақсы көрем, бірақ әкемді неге ұмыт қалдыруым керек? «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» деген ән текісі әлі оң солын ажырата алмайтын жап-жас ұл мен қызды қандай ойға жетелейтінін ешкім ойлаған жоқ. Өйткені, оқушы қыздардың  жазғандары бойынша әкенің ролі ешқандай бағаланбайды, құрметтелмейді, орны бос тұрған сияқты. Бірде-бір қыз әкеміз де аман болсын, ата-анамыз  тірі болып тұрғанда қанша жасқа келсек те бала болып қаламыз-ғой деген ешбір ой айтылмады, жазылмады. «Анаң жоқ болса жетімсің», анасыз өмір «қараңғы» жазбағандары жоқ. Оларды кінәлап не етейін. Солай үйретіп үгіттеп отырған өзіміз. Менің де анам бар. Күнде құдайдан сонын амандығын тілеймін. Бірақ, әкем болмағанда мен қайдан пайда болдым? Екеуінің де орны бірдей  ғой деген ой, бәріміздің санамызда тұру керек. Ал бір жақты кету байсыз бал табуды жас ұрпақтың бойына сіңіру деген сөз. Кір жуып, қамыр илеп, бала бағатын «Біздің ағай тамашаның» кесірінен қаншама отбасы ойран болды. «Мені сүйсең маған көмектесер едің. Бала жалғыз менікі ме? Үлгере аламай жатырмын. Мен кір жусам, сен ас әзірле, деп дікеңдейтін әйелдер қаптап кетті.Ұрыстың басы осы болып аяғы жанжал төбелес, ажырасу, соттасу. Сосын  сағы сынған еркек отбасы үшін бәріне де көнеді. Сағы сынған еркектен ұлы қандай тәрбие алсын. Соның кесірінен үйленуге қорқатын жігіттер өріп жүр. Еркек неге ұсақталып кетті деп сосын бір-бірімізге қарап отырғанымыз пұшайман болып. Ата-анаға арналған 100 әннің  99 тоғызын анамызға арнаймыз. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 47 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 115

Похожие материалы