Мақсаты:
Қан,ұлпа сұйықтығы және лимфа туралы түсінік қалыптастыру,құрам бөліктері
нің құрылысын, бір - бірінен айырмашылығын, биологиялық маңызын теориялық, практикалық тұрғыдан меңгерту.Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына , тәуелсіз ойлауына , өз идеяларын ұсына білуге ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:
Қанның құрамымен танысу.Адам қанын микроскоп арқылы қарап, талдау жасайды.. Оқушылар жалпы мақсатқа жету үшін бірлесіп оқиды , өз бетінше ізденеді,өз білімдерін тексеріп бағалайды , достық қарым- қатынас жасайды, білімдерін нығайтады.
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ
Оқытуда қолданылатын модульдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде АҚТ пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктерінесәйкес білім беру және оқыту
Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Сабақтың әдіс - тәсілдері
Топтастыру, бағалау, ғаламтормен жұмыс, Блум, диалог ,зертханалық жұмыс,бақылау қорытындылау .
Ресурстар:
Интерактивті тақта, ноутбук, оқулық. үлестірме қағаздар, микроскоп, микропрепараттар, электромикроскоп