Ақпарат. Информатика

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:
Пән аты:   Информатика    Сыныбы: 5 Сабақтың тақырыбы: Ақпарат. Информатика. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту. Оқушыларды ұқыптылыққа, үйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету. Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдісі: Көрсете- баяндау, пікірлесе- түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайттар, үлестірмелі тапсырмаларСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеруІІІ. Жаңа сабақІV. Үйге тапсырмаV. ҚортындылауІ. Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапысырмасын пысықтау.ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Пысықтау сұрақтары.1. Неге компьютердің үстіне кітап, дәптер және т.б. заттар қоюға болмайды?А) Өте ауырВ) Ауа алмасу (желдету) бұзыладыС) Ұнамсыз2. Компьютермен жұмыс істегенде қандай ережелерді міндетті түрде сақтау керек?А) Біріктіру сымдарының ажыратқыштарын ұстауВ) Компьютерді Power батырмасын басу арқылы өшіруС) Пернелерді ақырын басуД) Компьютерде кір және су қолдармен жұмыс істемеу.3. Компьютердегі жұмысты аяқтаған оқушы не істеу керек?А) Мұғалімнің нұсқауы бойынша жұмысты аяқтап, жұмыс орнын ретке келтіруВ) Компьютерді ажырату батырмасын басуС) Тұрып, кабинеттен шығуД) Бөлмені ылғалдап сүртіп шығу және желдету.ІІІ.  Жаңа сабақ.Информатика-ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғалым.Ақпарат-сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметАқпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңднейсіңдер. Ақпаратты ата-аналарыңа, достарыңа жеткізулерін мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.Ақпараттың түрлеріАдам ақпаратты қандай ақпараттық арнмен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі-құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы-адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады. Сонымен, адамның қабылдау тәсілі бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, искеу және сезу арқылы болып бөлінеді.Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады. Ақпаратты бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.Бейнелеу тәсіліне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін.Ақпараттың қасиеттері Өзектілік  Толықтылық  Объективтік  Жеткіліктілік  Адекваттылық  Қолжетімділік   Ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 маырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанмен, 10 маырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке иеАқпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «ертең»десін. Егер сендер достарыңа: «Бізт киноға қашан бармыз?»деген  сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі-ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды.Ақпаратты сақтау Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тастыағаштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат өағаз бен электрондық тасығаштарда-дискілер мен флешкаларда сақталады.Ақпаратты жөнелтуСендер ақпаратты тұрақты жеткізіп отырасыңдар. Мысалы, басқа адаммен сөйлескен кезде. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін. Ақпаратты жеткізу үрдісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көзі ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы роны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім-ақпарат көзі де, оқушылар-оны қабылдаушы.Ақпаратты өңдеуАқпаратты кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі-бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады.Немесе ақпаратты бейнелеу тұрінің өзгеруі. Мысалы, мәтінді бір тілден екенші тілге аудару.Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жарататады.ІV. Қорытндылау:1.      Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?2.      Адам ақпаратты қалай және қайда сақтай алады? V Үйге тапсырма:  «Информатика, Ақпарат» тақырыптарын оқып келу. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.78 Mb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 104

Похожие материалы