Ақпарат саны,ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті (5 сынып)
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Маркабаева Гулжамила Рзабеккызы
|
Сабақтың тақырыбы: Ақпарат саны,ақпарат өлшем бірлігі.Әлемнің ақпараттық бейнесі. Ақпарат қасиеті
Сабақтың мақсаты Ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің
Білімділік:Ақпарат көздерін, типтері мен қасиеттерін білуі тиіс.
Тәрбиелік: Тірі табиғатта, техникада, қоғам мен адам іс-әрекетінде ақпараттарды жеткізу, сақтау және өңдеудің құндылығын
түсіну.
Дамытушылық: Ақпарат ұғымымен, оның түрлерімен және өңдеу
тәсілдерімен таныстыру.
Сабақтың түрі теориялық
Сабақ көрнекілігі Оқулық, жұмыс дәптері
Сабақ жүрісі I. Ұйымдастыру
II.Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Қорытындылау
V. Үй тапсырмасын беру
VI. Бағалау
Ақпарат көзі мен қабылдаушы жанды (тірі организмдер), жансыз (ДК) заттар, айқын (мұғалім - оқушы) және жанама (су шуылы сарқыраманың жақын екенін білдіреді) болуы мүмкін. Акпарат кабылдаушы бір уақытта оны жеткізуші де болатын және керісінше жағдайларда кездеседі,
Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.
• Біз кітап, газет-журналдар оқығанда ақпаратты есте сақтап жинаймыз да, біраз уақыттан кейін басқа біреуге жеткізе аламыз. Адам миы ақпаратты тек қабылдап қана қоймай сақтай да алады. Бірақ көп уақытта мида сақтай алмайды. Сондықтан ақпаратты сақтау үшін: қағаз, папирус, түрлі таспалар, дискілер қолданылады.
• Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы,
қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы
деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.
• Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп- ақпарат алуды, оның
мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке
келтіруді және жаңа ақпарат іздеп толықтыруды айтады.
• Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық
процестер деп атайды.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келіп түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.
Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы апарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуыш.
Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.
Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу, яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфабит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығын неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудіү уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айнаддыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискретті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.
Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізе ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық. объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың акпаратгың көлемі деп - хабардың ұзындыгын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немес 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір битке тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі-бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.
1 бай=8 бит;
1 кбайт(килобайт)=1024 байт;
1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;
1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.
Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.
Шешуі:
Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ~2613 байт
Кітаптың ақпараттық көлемі 2613*290=757770 байт = 757770 : 1024 =740Кбайт
740:1024 = 0,722 Мбайт
0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.
Оқу жылдамдыгы мен сөйлеу жылдамдыгын анықтау үшін оқушыларга екі-екіден жұмыс істеу ұсынылады.
Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:60—19символ 19 бсшт
19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт
Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт
Сабақты бекіту сұрақтары:
• Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.
• Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты
сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға болама?
Үйге тапсырма: сөзжұмбақ құрастырып келу.
Бағалау. Оқушыларды үй тапсырмасына жауап бергеніне және сабаққа қатысына қарап бағалаймын
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 144.77 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |