Ақпараттық - коммуникациялық технология арқылы оқушылардың сапалы білім алуына қол жеткізу.

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ

«Адам байлығының ең тамашасы - бiлiм.

Барлығы соған ұмтылады, бiрақ ол өзi келмейдi». 

                                                         Әбу-Райхан әл-Бируни

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз. Қазіргі таңда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар біздің елімізде де жоғары қарқынмен дамып келеді. Білім беруде жаңа технологиялық әдістермен қатар жаңа ақпараттық технологияларды да қолданудың мүмкіндігі жасалып отыр» деген болатын. Жас буынды жаңашылдыққа жетелеу деген сөз. Жаңашылдық – білім жүйесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, оқушыларды заман талабына сай етіп дайындап шығару.
         Технологиялық оқыту білім алушыларды белсенді жағдайда қойып, оның субьектілігін қалыптастырады және шығармашылықты тудырады. Әсіресе, ақпараттық дәуірде технологияның қолданылуы ерекше. Білім сапасын жоғарылату, оны жеткілікті түрде арттыруда жаңа ақпараттық технологияларды қолданусыз, заманауи телекоммуникациялық құралдарды пайдаланусыз мүмкін емес. Озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген педагог қана оқушының сапалы білім алуына қол жеткізеді.
    

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 9.23 Mb
Количество скачиваний: 4
Просмотров: 99

Похожие материалы