Ақпараттық коммуникативтік технологияларды қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында қолдану
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Женисхан Саулегуль Өмірзақ
|
Білім беру парадигмасының түбегейлі өзгеруіне сәйкес инновациялық үдерістердің қарқындылығы артуда. Дәстүрлі үдерістен инновациялық үдеріске көшу талабы қазақ тілі мен әдебиеті мамандарының жаңа педагогикалық технология ауқымында әрекет жасауларына себепші болуда. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір- бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», « Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру болып табылады. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. Бүгінгі күндегі озық педагогикалық технологиялар арасындағы өзектілігімен, пәрменділігімен айшықталатыны технология – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 59.5 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |