АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚОЛДАНУ

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ                 БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ҚОЛДАНУ

                                                 Аулайс Гулжан

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобанов орта мектебі                                                             бастауыш сынып мұғалімі


    Оқытудың жаңа ақпараттық- коммуникативтік технологияларын меңгеру – қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық – коммуникативтік техно-логиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылы-ми – технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Ақпараттан-дыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
   Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қой-май, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қа-жеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез – құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.                                                                                   Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру енгізілді.                              Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялықәдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлауқабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушы-лығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерініңқуатты компьютер техни-касымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таң-да білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдарыөте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялыққұралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқуқұралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады.
    Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттыққұзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күнніңөзекті мәселесіне айналып отыр.
Ақпараттық-коммуникациялыққұзырлық дегеніміз не?
Ақпараттыққұзіреттілік:
- сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жетуүшін танымдыққызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; - логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге;
- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық-коммуникациялыққұзырлылық – бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық техноло-гияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдануқабілеті.
Коммуникативтік құзіреттілік:
- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануғ

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 141.5 Kb
Количество скачиваний: 17
Просмотров: 98

Похожие материалы