”АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ КЕҢІСТІГІНДЕ АЛАТЫН ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ”

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Қоғам өмiрiнде ақпарат ерекше маңызды рөл атқаратыны бәрiмiзге белгiлi. Адам баласы жаратылғаннан берi осылай болып келедi және бола бермекшi. Ақпараттық технология белгiлi бiр объектiнiң, үрдiстiң немесе құбылыстың жай-жапсары туралы ақпарат алу үшiн мәлiмет жинаудың, өңдеудiң және таратудың құралдары мен әдiстерiн пайдалану үрдiсi. Өркениеттiң даму кезеңдерiнде бiрнеше ақпараттық төңкерiстер болып, адамзат жаңа белестерге көтерiлдi. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпараттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды. Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды.

Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology, қысқ. IT) — объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.

Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология.

 

Ақпарат технологиясы — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты - оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құрал-дарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға тәрбиелеу.Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізілуі тиіс. ХХІ ғасыр-ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлк сауаттылық қажет. Сондықтан барлық ұстаздарға ақпараттық технологияны меңгеру қажеттіліктен туындап отыр. Оны меңгеруге тиістіміз.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 5.96 Mb
Количество скачиваний: 5
Просмотров: 143

Похожие материалы