АР-НАМЫСЫМ, ҚАСИЕТІМ-ЖЕЛТОҚСАН (мектепшілік іс-шара

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты:Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы, жеткен жетістіктерімізбен таныстыру. Отанды сүюге, болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенің аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет - ғұрып, салт - дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.

Цели: Активизировать творческое воображение детей, их желание быть причастными к национальной художественной традиции.Закрепить и дополнить знания детей об историческом и культурном наследии.Воспитывать чувство патриотизма, любви и уважения к Родине: ее природе, обычаям, традициям; дружеские взаимоотношения между людьми разных национальностей.


Барысы:Жүрг. 1: Десек те жасаған әр жыл қандай бақ,
Жастықтың гүлін уақыт жұлған аяп?
Әрине тарих үшін 22 жыл түгіл,
Жүз жыл да – көзіңді ашып-жұмғандай-ақ.

Өзгертіп өндірдей ғып өңін елдің,
Қырандай шырқап шықтың өріне өрдің,
Жүр ақтап майдангерлер, жаңа ұрпақтар
Өсиетін, армандарын өлілердің.

Дүниеде болмасын деп зар қасірет,
Келеміз замананы алға сүйреп.
Бүгін де тұр біздерге
Жер бетінде
Азаттық,
Бейбітшілік арқа сүйеп.

Вед 2: Встречает день республика большая,
И если песни звонкие звучат,
То значит, все преграды сокрушая,
Простор земли родной добром объят.
Наш Казахстан! Светлы под солнцем дали
И будни напряженного труда,
Поэму современных дней создали,
Энергией, наполнив города,
И дав любви дыханье хлебным нивам
Заботой, исцеляя память ран.
Пусть будет день твой добрым и счастливым
Страна большая наша – Казахстан!

Жүрг 1: Армысыздар ағайын! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл-ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, халайық, сондықтан бүгінгі салтанатты кешімізді ашық деп жариялаймын!

Вед. 2: Добрый день, дорогие друзья! На протяжении многих лет живет и процветает наша Родина – Республика Казахстан!
С праздником тебя, родная страна!

Мы приветствуем и поздравляем всех присутствующих – с национальным праздником – Днём Независимости!

1-жүргізуші:
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.
Енді ағайын, көгінде қалықтасын,
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 2.7 Mb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 161

Похожие материалы