Арифметикалық прогрессия
Предмет:
|
Математика
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Жаканова Клара Макеновна
|
Здесь была ссылка на работу Арифметикалық прогрессия автора Жаканова Клара Макеновна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессия Сабақтың мақсаты: білімділік: арифметикалық прогрессия тақырыбы бойынша оқушылардың білімдерінің деңгейі мен тиянақтылығын тексеру және бағалау. тәрбиелік: ұжымдастыққа. бірізділікке. сыйластыққа тәрбиелеу дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеті мен дағдыларын дамыту. Сабақтың типі: білім мен дағдыны жүйелеу Сабақтың әдісі: жеке, топтық, деңгейлік Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың көрнекілігі: арифметикалық прогрессия бойынша презентация,тапсырмалар жинағы Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру А) сынып оқушылары үш топқа бөлінді І топ ауызша сұрақтарға жауап береді ІІ топ сынақ жұмысын жүргізеді ІІІ топ деңгейлік тапсырмалар орындайды (әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап болғаннан кейін келесі тапсырмаға көшеді, сабақ соңына дейін үш топтың үшеуі де үш түрлі тапсырманы орындап шығады) Б) үйге берілген №193 есеп ауызша тексерілді ІІ. Сынып жұмысы І.Ауызша тапсырмаға берілетін сұрақтар (әрбір дұрыс жауап 1 ұпай) 1.Тізбек ұғымының анықтамасын айтып, мысал келтір. 2.Тізбектің берілу тәсілдерін ата 3.Өспелі және кемімелі тізбек деп қандай тізбектерді айтамыз 4.Бірсарынды болатын және болмайтын тізбектердің анықтамасын айт 5.Арифметикалық прогрессия анықтамасын айтып, мысал келтір 6.Қандай санды арифметикалық прогрессияның айырымы деп атайтыны-мызды түсіндір 7.Арифметикалық прогрессия қай кезде өспелі, қай кезде кемімелі болады 8.Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын тұжырымда 9.Арифметикалық прогрессияның негізгі қасиеті қалай тұжырымдалады 10.Алғашқы мүшелерін таппай-ақ арифметикалық прогрессияның соңғы мүшелерін табуға бола ма? ІІ. Сынақ жұмысының тапсырмалары (әрбір дұрыс жауап 1 ұпай) І топқа берілетін тапсырма 1) (Аn)-арифметикалық прогрессия а1= -3 және d =11, а11 мүшесін есептеңдер а)100; ә)107; в)103; с)105 2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия а11 = 15, а3= 20 болғандағы d мен а1 ді есептеңдер а) 5; 10; ә) 5; 5; в) 5; -10; с) -5; 10 3)Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар а15 = 219, d = 14 а) -23; ә) 24; в) 23; с) -24 4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар 0,2; 1; а) 6,6; ә) 5; в) 5,6; с) 6 5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең а4 = 3; а6= 7 а) 5; ә) 6; в) 4; с) 5,5 6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы 10 мүшесінің қосындысын есептеңдер 10; 8; а) 190; ә) -190; в) 10; с) 1; е) -10 ІІ топқа берілетін тапсырма 1) (Аn)-арифметикалық прогрессия а1= 0,8 және d =-0,2 ; а11 мүшесін табыңдар а) 1,2; ә) -1,2; в)1,3; с) 1,5 2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия а3 = -17; а4= 10,5 болғандағы d мен а1 ді табыңдар а) 6,5; 4; ә) -27,5;72; в) 27,5; -72; с) -6,5;-4 3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар а99=989 ; d = -100 а) 10089; ә) -10089; в) -1089; с) 1089 4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар 1; -1; ... а) 15; ә) -15; в) 10; с) -10 5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең а8= -2 және а9= 12 а)-5; ә) -6; в) 5; с) 6 6) Арифметикалық прогрессияның алғашқы бес мүшесінің қосындысын табыңдар а1= -10; d= 2; а) -28; ә) -70; в) 70; с) -30; е) 39 ІІІ топқа берілетін тапсырма 1) (Аn)-арифметикалық прогрессия а1= 11 және d = 7 ; а5 мүшесін табыңдар а) 27; ә) 25; в) 20; с) 28; 2) (Аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия а6= 230; а7= 184,5 болғандағы d мен а1 –ді табыңдар а) 45,5; -457,5; ә) -45,5; 457,5; в) -45,5; -457,5; с) 45,5; 457,5 3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар а20=25; d= 0,5 а) 1,5; ә) -1,5; в) 10,5; с) -10,5 4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар -23; -19; ... а) 9; ә) 4; в) -9; с) -4; 5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең а4= -2 және а6= 8 а) 6; ә) 3; в) 5; с) -5 6) Егер Хn= 2n+1 болса, онда { Хn } тізбегінің алғашқы жүз мүшесінің қосындысын табыңдар а) 20400; ә) 1200; в) 102; с) 1020; с) 102000
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
43 Kb
|
Количество скачиваний:
|
25
|
Просмотров: 214
Похожие материалы