"Қария, қария ақылы - дария"

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мақсаты: оқушыларға

Көрнекілігі: интерактивті тақта, «Қарттар үйі» фильмі

Жүргізуші: Көп жасаған қария-

Ақылы теңіз дария.

Көп өнеге сөзі бар,

Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.

Ата салты ардақты,

Әрбір сөзі салмақты.

Сол сөздерді ұқпасаң,

Тістерсің бір күн бармақты.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қымбатты бүгінгі кештің қонақтары!

Баршамызға белгілі 1 қазан – Қарттар күні. Осы мерекеге орай өткізгелі отырған кездесу кешіміздің қонағымен таныс болсақ. Ауылымыздың ақылгөй әжесі, көпті көрген Тілеген әже, және осы лицейде талай жылдар қызмет атқарған, қазірде ақылшы әже атанып отырған Күлән әжеміз, қош келіпсіздер!

Алдымен, осы бір мерекенің шығу тарихына тоқталып өтсек. 1990 жылы желтоқсан айының 14-ші жұлдызында Бас Асссамблея 1 қазанды Халықаралық қарт адамдар күні деп есептеуге қаулы етті. Бұл мерекенің тарихы ХХ ғасырдан бастау алады. Басында қарттар күні Еуропада, кейін Америкада, ал 80-жылдардың аяғында барлық әлемде өтетін болды. Қарттар күнінің маңызы аз қамтамасыз етілетін қарт адамдардың, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсетуге назар аудару мәселелері болып табылады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Ендеше осы ата-әжелерімізге арналған жыр-шумақтарын тыңдайық.

Оқушылар өлеңдерін оқиды.

Жаңылсын:

     Ауыл қарттары        

                                                             Сағи Жиенбаев

Дүниеге келер бір рет,

Дария-кеуде тау мүсін.

Құрыштан құйған құдірет –

Қарттарым, аман-саумысың?!

 

Арада жылдар жөңкіліп,

Алыстап кеттім біртіндеп.

Айта алмай ауыз толтырып,

«Ассалаумағалейкум!» деп.

 

Ердім бір сиқыр қаламға,

Шығардым белге жыр көшін.

Болғам жоқ алаң, даламда,

Әулие қарттар жүргесін.

 

Жанды ғой бағы даланың,

Сендерге қуат, дем берсін.

Киесі де оның сендерсің,

Иесі де оның сендерсің.

 

Алдында жүрші көзімнің,

Асылым, алтын қазынам.

Ауыра қалсам өзіңнің,

Пейіліңмен-ақ жазылам.

 

Сағынып талай жыр туар,

Оралар әлі-ақ сан жыршы.

Даламның иісі бұрқырап,

Қарттарым, аман-сау жүрші!

 

Мария:

Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!

Әр күлгенің бізге бақыт саналар

Еңбегіңді еш етпейтін өмірде

Елің, жұртың, ұл мен қызың бағалар

Ана мейір күн көзімен пара-пар

Тұла бойға қуат болып таралар

Өміріме шуақ шашып әрқашан

Көп жасаңдар аталар мен аналар!

 

Жүргізуші: Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылуы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, инабат тағылымымен үлкендерге деген  қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.

Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме. Осыған қатысты қазір фильмнен үзінді тамашалайық. (Серік Қалиевтің «Қарттар үйі» фильмнен үзінді көрсетіледі)

Жүргізуші:

Біздер, жастар үлкендерге қарап өсеміз, сол кісілердің ақылына жүгінеміз. Бүгінгі кешіміздің мақсаты да осы көпті көрген, түйгені мол үлкен кісілердің ақылын тыңдап, ақ батасын алу болатын. Ендеше осы өмірден қандай ой түйіп, адамға ең бастысы не қажет екенін осы әжелеріміздің аузынан естиік. Сөз кезегі өздеріңізде. (әжелер сөзі)

Жүргізуші:  Осы арада оқушылар сұрақтарыңыз болса, қоя отырыңыздар.

1-оқушы: қазіргі жастарға көңіліз толады ма?

2-оқушы: қазіргі таңда ақыл айтатын қариялар азайып бара жатыр, бұны немен түсіндіруге болады?

 

Жүргізуші:Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты. Сіздердің құрметтеріңізге арнап Мұхамбет Зухра «Асыл әжем»  әнін орындайды. Қабыл алыңыздар!

 

                          Асыл әжем

 

Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған,

Сағынышым сары ормандай самсаған.

Әке болып жүргенімді ұмытып,

Әлі күнге еркелеймін мен саған.

 

Құлындаймын асыр салған аңғардай,

Қозыңдаймын ойнақтаған албардай.

Өзің барда қысылмаймын күлуге            

Жылауға да қысылмаймын сен барда.    2 рет

 

Мен өзіңнен қабылдаппын күюді,

Мен өзіңнен қабылдаппын сүюді.

Сенің жаның жүрегіме ораулы,

Менің жаным жаулығыма түюлі.       2 рет

 

Жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын – жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.

Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие. В. А Сухамлинский: «Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да қақысы бар. Бұл моральдық қақыны құрметтей біл »,- деп айтқан.

Жүргізуші:

«Бабаларым, рахмет сендерге!

Балаларым болмасын деп бос кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,

Өмірге мен мылқау болып енгенде

Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.

 

Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлайық, қадірлейік!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 40 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 170

Похожие материалы