Здесь была ссылка на работу Арнайы курс автора Есжанова Гулжазира Базаргаликызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қазақстан Республикасы математика пәні мұғалімдерінің Бірінші Съезінің қарарында: Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережесі білім берудің , атап айтқанда, инновациялық экономиканы құруда стратегиялық ресурс түрінде қаралатын жаратылыстану-математикалық білім берудің мүлде жаңа , заманауи деңгейдегі сапасына көшу болып табылатынын атап өткен болатын. Математикалық білім беру –жалпы адамзат мәдениетінің феноменті. Математикалық білім беру оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өз ойын қысқа , әрі нұсқа жеткізуге дағдыландырады.Тізбектей ойлауға қабілеттену,дәлелдемемен талқылау , болжам-дарды құру, дұрыс емес қорытындыларды қабылдамау өз-өзінен келмейді, бұл қабілеттерді логика ғылымы дамытады.Бұл ғылымды жүйелі меңгеру логикалық есептерді шешпей мүмкін емес. Оқушыларды логикалық есептерді шығарудың негізімен оқытуды жас кезден , бастауыш мектептен бастау керек. Стандартты емес , логикалық есептерді шешу процесі баланың оқу бағдарламасында жетістікке жетудің бір жолы. Сондықтан логикалық есептердің өзін бірнеше тақырыптарға бөліп алынды. Логикалық ойды дамытатын есептердің бірі - қатыстармен берілген есептер. Қатыстармен берілген есептерді тез түсініп ажырата білсе , берілген есепті шапшаң есептеуге дағдыланады.Қатыстармен берілген есептерді символдарды қолдану арқылы шешудің қолайлы екенін түсінеді. Кейбір оқушылар есепті естумен жаман қабылдайды,сондықтан есеп шартын оқығанда шартта айтылатын нәрселермен не болып жатқанын көрсететін сөздерді даусымен ерекше бөліп айту керек.Есеп мәтінін оқып болғаннан кейін мазмұнын меңгеру жұмысы бірдей уақытта қысқаша жазумен басталады.Шартпен мұндай жұмыс жасау балалардың талқылауда қате жібермеуін болдырмауға көмектеседі.Әртүрлі транзитивті қатыстар бойынша есептерді шешуді меңгергеннен кейін білім алушыларға мәліметтер жеткіліксіз болатын корректілі емес шарттармен берілген есептерді ұсыну орынды.Бұл есептер балаларды есептің шартын саналы , дұрыс оқуға және есеп мәліметтерін талдауға үйретеді.Бағдарламада қатыстардағы элементтерді салыстыруға да есептер қарастырылады. Өйткені салыстыру-объективті әлемнің нәрселерінің арасындағы ұқсастық немесе айырмашылықты орналастыруға көмектесетін логикалық тәсіл. Өтуге арналған есептердің қиындығы есеп шартындағы жүзу құрылғыларының жүк көтергіштігінің шектелгендігімен және жолаушылардың ерекшелігімен және санымен байланысты.Есепті шешуінің жүрісін схема түрінде беру балаллардың қызығушылығын көтеруге жағдай жасайды, есеп мазмұнын түсінуге көмектеседі және ең бастысы талқылау жолын түсінуге ойландырады. Адам өмірінде бірнеше тәсілдермен шешілетін мәселелер кездеседі. Бұл бөлімде білім алушылар графтар көмегімен есептер шығаруды үйренеді. Есептерді мүмкін нұсқалар көмегімен шешуде ақиқаттығы немесе жалғандығы дәлелденетін болжам ұсынылады.Есеп шешімі көрнекілік, графиктік бейнекілік үшін қажетті талдауларды жазумен жүргізіледі.болжамдар жалғыз ақиқат нұсқа табылғанша ұсынылады.Болжам логика алгебрасының негізінің көмегімен тексеріледі. Заман талабына байланысты біз баланы жан-жақты дамытып отыруымыз керек. Сондықтан негізінен логика енгізілді