Асқабақ тұқымдастары
Предмет:
|
Биология
|
Категория материала:
|
Рабочие программы
|
Автор:
|
Козыбай Жадыра Смагуловна
|
Здесь была ссылка на работу Асқабақ тұқымдастары автора Козыбай Жадыра Смагуловна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Пәні:БиологияСабақтың тақырыбы: §25 Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастарСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Оқушыларға жабық тұқымды өсімдіктердің қосжарнақты класы бөлімін және оған жататын асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар туралы мағлұмат беру.2. Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырап, оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын,жадысын,шығармашылық қабілеттерін арттырып, сабаққа қызығушылықтарын ояту.3. Тәрбиелік: Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.Сабақтың түрі: аралас сабақСабақтың типі: жаңа сабақты меңгертуСабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,тапсырмаларПәнаралық байланыс: ботаника, география, математикаСабақтың көрнекілігі: слаидтар,асқабақ,қияр,орамжапырақтың суреттері Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңіРефлексияСәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздерге мынадай көңіл-күймен келдім. (күнді көрсету) Ал сіздердің көңіл-күйлеріңіз қандай? Оқушыларға карточкалар (күн, бұлт, бұлт арасындағы күн) таратылған. Әр оқушы өзінің көңіл-күйін білдіретін карточканы көтереді.II.Үй тапсырмасын тексеруҮй тапсырмасын «Бинго» ойыны арқылы сұрадым.1. Қосжарнақтылар класына қандай өсімдіктер жатады?2.Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама3.Көкнәр тұқымдастарына сипаттама 4.Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады,маңызы қандай? 5.Сексеуіл қандай өсімдік,оның қандай пайдасы бар? III.Жаңа сабақАсқабақ және орамжапырақ тұқымдастар Асқабақ тұқымдастар бұлар-бақша өсімдіктері. “Бақша”парсының “шағын бақ” деген сөзінен негіз алады. Онда өсірілетін өсімдіктерді бақшада өсетін дақылдар деп есептейді. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр-бақшада өсірілетін қосжарнақты өсімдіктер. Қазір бақшада өсімдіктердің 900 түрі белгілі. Қазақстанда 9 түрі бар. Бұл өсімдіктердің көпшілігі бізге бұрыннан таныс.Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері-шөптекті біржылдық өсімдіктер. Қазақстанда асқабақ тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктің бір түрі Қаратау маңында кездеседі. Ол құтырған қияр. Өркендері шырмалып немесе төселіп өседі яғни олар-жатаған сабақты өсімдіктер. Бұлардың сабағында мұртшалары бар. Мұртша-өзгерген өркен. Асқабақ тұқымдастар тропиктік, субтропиктік, елдерде таралған. Олар негізінен алғанда мәдени өсімдіктер. Асқабақ тұқымдастар ұзын сағақты,жай жапырақты болады.Гүлдері жапырақ қолтығында, шашақты гүлшоғыр түрінде немесе жеке өседі. Көпшілігі дара жынысты, қосжыныстылары да кездеседі. Асқабақ тұқымдастардың гүлінде жіңішке 5 тостағанша жапырақшалары,5 тұтасқан күлтесі бар. Аталығы 5-еу,оның 4-еуі тұтасып,екі-екіден біріккен.Бір аталығы бос тұрады.Кейде 5 аталық тұтасып,гүл ортасына бағана түзеді.Аталық тозаңдығы-имек.Аналық жатыны үш ұялы.Жемісі-қабақ.Асқабақ тұқымдастардың тұқымы көп болады.Бір тұқымды түрлері де бар мысалы,мексикалық қияр-чайот.Асқабақ тұқымдастар бақшада өсірілетін мәдени өсімдіктер болып саналады.Бұлар –жемісі ірі өсімдіктер. Асқабақ-ірі жемісті тағамдық,дәрілік,малазықтық және сәндік,біржылдық шөптекті өсімдік.Оның ұзындығы 5 метрге жететін жатаған сабағы болады.Бес қырлы сабағында тікенектер көп өскен,Жай жапырақтарында қарама-қарсы орналасқан мұртшалары бар.Мұртша-түрін өзгерткен өркен,жатаған сабағы нәзікболғандықтан,жан-жағында басқа өсімдікке оралуға тіпек үшін қажет.Жапырағы- ірі,тақтасының жиегі 5 салалы тілімденген жай жапырақ.Гүлі дара жынысты,бірүйлі,жапырағы қолтығында жеке-жеке өседі. Аталық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А(2)+(2)+1Ж0 Аналық гүлінің формуласы:Т(5)К(5)А0Ж(3) Қауын-бір жылдық шөптекті өсімдік,Гүлі дара жынысты,кейде қосжынысты болады.Бунақденелер арқылы тозаңданады.Жемісі-қабақ,оның салмағы 20 килограмға дейін жетеді.Қауыннан әртүрлі тағамдық өнімдер даярланады.Жемісін тіліп,кептіріп қақ жасайды,қауынқұрт қайнатады. Қияр-асқабақ тұқымдастарының көкөністік түрі.Гүлі қосжынысты түрі сирек кездеседі,көпшілігі даражынысты.30-жуық түрлері бар.Бұлар-қауын туыстас өсімдіктер.Жемісі-қабақ,тағамға пайдаланады Орамжапырақгүлділер.Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды. Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер.Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар.Жапырақтары кезектесіп орналасады,бөбешік жапырақтары болмайды.Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан,орамжапырақгүлді өсімджіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған.Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған.Тостағанша жапырағы 4,күлтесі 4-еу,аталығы 6-ау,оның 4-еуі ұзын,2-еуі қысқа,аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады.Гүлдерінің түсі ақ,сары,қызғылт,ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы:жабайы шомырдікі - Т2+2К4А2+4Ж(2) Асқабақты сүтке қайнатып ас орнына жиі ішсе-бауыр,көкбауыр,қант диабеті ауруларына өте жақсы ем.Ал асқабақ сабағын суға қайнатып ішсе,несеп жүргізеді,бүйрек пен жүректің ісініп ауырғанын қайтарады. IV.Бекіту 4.«Биологиялық почта» ойыны Онда асқабақ және орамжапырақ тұқымдастардың өздеріне тән ерекшеліктері жазылады. V.Оқушыларды бағалау.VI.Үйге тапсырма беру. §25 Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар «Бақша өсімдіктері» тақырыбына эссе жазу.
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (doc)
|
Размер:
|
38.5 Kb
|
Количество скачиваний:
|
69
|
Просмотров: 306
Похожие материалы