Аңсау Н.Сералиев. Әдебиет 6 сынып қайталау сабақ.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

   Кіріспе бөлімінде өлең шумақтары арқылы топқа бөлдім. Сәтті шықты. Себебі, оқушылар өздеріне  өлең шумақтары таныс болғандықтан, топтарға тез шоғырланды. 

«Менің атам»  атты  ойтолғауды  жұпта   талдады. Тыңдалмаған оқушы қалмады әрі  ашылып ой білдіруге мүмкіндік туды. Мейлінше, оқушылар қызықты жазған. Оларға ұнады. Уақытты үнемді пайдаландық.3 мин

Тұсаукесер бөлімінде  диалогтік оқыту әдісі арқылы  сұрақтар қойып, тапсырмаға көштік.Мәтіннен кейіпкерлердің қасиеттерін  жақсы ашты, өз ойларын еркін, жүйелі жеткізе білді. Негізгі бөлімінде әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді. Топта зерттеушілік-әңгіме қызу жүрді.

1-деңгей:

Ата-ана  бала тақырыбында  білетін мақал-мәтелдерді жазу.

2-деңгей:

Берілген суреттерге қарап әңгіме құрастыру.

/ 1- суретте Қарияның үйіндегі орны   2- суретте Тәрбие тал бесіктен, 3- суретте  Жайлы жанұя /

3-деңгей: 

Ермектің сағынышына баға беріп көр,  өзіңмен салыстыр және сол шындықпен сәйкес болсын.

      Ойланды, сараптады,ізденді.Сипаттады, баға берді, салыстырды, баяндады.

Отбасындағы  тәрбие туралы көбірек тоқталды да, нақты аша алды.

Қорытынды бөлімінде  топ  Ұйқыдан оянған Ермекке қалай көмектесер едіңдер?   Сұрағы төңірегінде кері байланыс болды.  

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.72 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 137

Похожие материалы