Ашық сабақ "Ауа -газдар қоспасы" (8 класс)
Предмет: | Химия |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Дегенбаева Гулнур Жаксылыковна
|
Сыныбы: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы: Ауа – газдар қоспасы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік :
Ауа туралы білімдерін тереңдету, қорытындылау;
Тәрбиелік:
Ауаны ластамаудың жолдарын қарастыру, денсаулығын сақтау,
Дамытушылық:
өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
Графикалық диктант
1.Оттегі газ күйінде кездеседі
2. Оттегі атмосферада 78 пайыз болады
3. СаО валенттілік бойынша дұрыс жазылған формула
4. Оттегі тұрақты ІІ валентті болады
5. Оттегіні тек лабораторияда ғана алады.
6. Су молекуласы оттек және сутек атомдарына ыдырайды
7. Оттегіні өндірісте ауаны сұйылту арқылы алады.
8. Оттегі жай зат күйінде 3 атомы жазылады
9. Оттектің атомдық массасы 16
10. Оттегі қатты күйде кездеседі
3. Үй тапсырмасын бекіту
4. Жаңа сабақты түсіндіру
«Ауа – газдар қоспасы» деген тақырыпты өтеміз.
Жаңа тақырыпты өз бетімен оқып, мазмұнын айту.
Төмендегі сұрақтар бойынша қысқаша жазып алу керек.
1.Ауаның құрамы? - - - -
2.Ауаның құрамын зерттеген ғалым? - - - - - -
3.Ауада қандай кездейсоқ газдар болуы мүмкін? - - - - -
4.Инертті газдардың ерекшелігі
5.Тағы басқа қандай газдар таралады? Олардың зияны?
6.Ауаны зиянды газдармен ластамаудың қандай шараларын білесіңдер?
7.«Орман ауасы», «жанғыш ауа» деп қандай газдарды атаймыз
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот, 0,03% көмірқышқылы бар атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем шығарғандағы ауада 16% оттек, 4,0% көмірқышқылы, 79% азот болады. Дем алғандағы және дем шығарғандағы ауа құрамындағы оттек пен көмірқышқыл газының айырмашылығы өкпедегі газ алмасу нәтижесі болып табылады.
Адам бар жоғы 2 минут ғана дем алмай тұра алады.
Мектеп сыныбында сабақ басталғанға дейін, шамамен, 1м3-де 2600 микроб, ал
І ауысым сабағы аяқталғанда 13500 микроб болатыны есептелген.
Нашар желдетілген бөлмедегі ауа құрамында 0,1% дан артық көмірқышқыл газы СО2 болады. Бұл адам үшін зиянды.
Қалалардағы зауыт, фабрикалардан бөлінетін улы газдардың әсерінен, зиянды жағдайлардан өсімдіктердің зат алмасу процесі баяулайды. Мысалы: жөке ағашы орманда 400 жыл өмір сүрсе, қалада не бары 50-80 жыл ғана өмір сүреді.
5. Бекіту
Әр 2 оқушыға 1 тапсырмадан жұптық тапсырма беру
1-тапсырма
Фосфордың (Ү) жану реакциясын жазып, түзілген оксидті 2 әдіспен ата
- «Оттек-тіршілік тірегі» эссе жазу
2-тапсырма
К, Са, АІ –дің оттекпен реакция теңдеуін жазу
3-тапсырма
Тақырыпта берілген оксидтерді теріп жазып екі әдіспен атау
4-тапсырма
өзің өмір сүретін жер бетіндегі экологияны жақсарту үшін не істер едің?
5-тапсырма
Li, Ca, K, Ba, Al атомдарының оксидтерін жазу
6-тапсырма
Ca + O2 =
C + O2 =
Na + O2 =
7- тапсырма
24г магний қанша грамм оттекпен әрекеттеседі
8- тапсырма
Судың молекулалық массасын табу керек
9-тапсырма
“Сандарды сөйлетейік” ойыны
16, 2, 65, 6, 8, 110, 21
10-тапсырма
24г көмір жанғанда түзілетін көмірқышқыл газының массасын табу
6. Сабақты қорытындылау
7. Үйге тапсырма беру
Тақырыпты оқу
8. Бағалау
Қызылорда облысы
Қармақшы ауданы
№105орта мектептің
Химия пәні мұғалімі
Дегенбаева Гүлнұр
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 44.5 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |