Ашық сабақ "Ауылшаруашылық малдың жұқпалы емес аурулары"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Орманова Дарига Изимгалиевна
|
Бронхопневмония - Өкпедегі бронхылар мен альвеолдардың бір мезетте қабынуы. Қабынудың дәрежесіне қарай бронхылар мен өкпе альвеолдары жалаяққа толады, газ алмасу бұзылып, малдың тынысы тарылады. Бронхопневмониямен малдың барлық түліктері, әсіресе төл ( бұзау, торай, қозы) өте жиі ауырады.Ауру төлдердің ішінде жиі кездесетіндіктен,көбінесе төл ауруларында дәрістеледі.Тыныс алу жүйесінің ауруларының сексен пайызы осы ауруға келеді. Жіті,жітілеу, созылмалы, катаральды, фибринді, іріңді түрлерін ажыратады. Бронхопневмония көп себепті ауру деп есептелінеді. Ол организмге бірнеше қолайсыз жағдайлардың (стресстер) бір мезгілде әсер етіп, оның табиғи төзімділігін әлсіретуінен пайда болады. Бронхитті тудыратын себептердің барлығы дерлік одан гөрі күштірек және ұзағырақ әсер етсе, бронхопневмонияның да себепкері болады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 155.23 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |