Ашық сабақ «Қазақстанның ірі қалалары»

Предмет: Информатика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
            Сабақ қалай өтті?       Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде Психологиялық ахуал тудыру мақсатында сәлемдесу, сабаққа дайындық, мұғалім-оқушы арасында диалог ( кезекшімен, топпен) байланысы орнады. Психологиялық дайындық жүргізілді. «Ыстық алақан»  тренингісі ұйымдастырылды.  Оқушылар өзара көңіл-күйлерімен бөлісті, пікірлесті. Бір-біріне жағымды сөздер, жақсы тілектер айтты. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындап алғаннан кейін, сыныпты топтарға бөлдім. Оқушылар үш қаланың суреті (эмблемасы) /Алматы, Астана, Қарағанды/ бейнеленген қиықшаларды таңдау арқылы  бөлініп, сабақтың келесі кезеңіне көшті. /Алматы, Астана, Қарағанды/ топтары құрылды.        Жаңа сабақ бойынша қызығушылықтарын ояту мақсатында Қазақстан қалалары туралы әңгімелесе отырып, түрткі сұрақтар қою арқылы ой қозғадық.  «Ой қозғау» стратегиясын қолдандым. Оқушылар  түрткі сұрақтарға жауап бере отырып, мұғалім-оқушы арасындағы диалогтік іс-әрекеті жүзеге асты. Оқушылардың жауаптары нақты, әрі жылдам болды. Оқушылардың жауаптарын жақсы деп бағаладым. Осы кезде сабақтың мақсатын айтып өттім. «Қазақстанның  қалалары» туралы ой қозғағаннан кейін, қай қала ерекше, даңықты екенін білдіру мақсатында қайта бағыттау тапсырмасын ұсындым. Ол үшін алдарында жатқан тіректі сөздерді талдау керек болды. «Сәйкестігін тап» стратегиясын қолдандым. Оқушылар бірінші қатарында қала аттары жазылған, екінші қатарда – несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер арқылы сол қалалардың сәйкестігін тапты. Мысалы, ҚАРАҒАНДЫ –   көмірімен, ӨСКЕМЕН – рудасымен, АТЫРАУ – мұнайымен ерекше, даңықты деп оқушылар тапсырманы жылдам, тез орындап шықты. Жалпы топтың барлық оқушылары тапсырманы жоғары деңгейде орындады. Бұл тапсырмада сыни тұрғыдан ойлау әрекеттері көріді.       Мағынаны тану сатысында екі жұмыс түрі берілді.  Қазақстан картасымен жұмыс және деңгейлік жұмыс. Қазақстан картасымен жұмыста оқушылар тақтаға картаны аралап, Қазақстанның  ірі қалаларын анықтады. Мұғалімнің әрекеті-қалалардың географиялық орналасуын, көлемін, мәдени орындарын, тарихи ескерткіштерін  сабаққа қатысты тақырыптарды оқушыларға талқылап бердім. Білімдерін кеңейттім. «Галереяға ойшарлау»  стратегиясын қолдандым. Оқушылар тақтадағы  картадан Қазақстанның  ірі қалаларын анықтай отырып, өзінің ойларын, пікірлерін білдіріп, өз білімдерін сабақта дамыта түседі. Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату кезінде оқытудағы жаңа модуль «Талантты және дарынды оқушыны анықтау» болатын. Деңгей бойынша берілген тапсырманы орындағаннан кейін  Илья атты оқушыдан өз берілген тапсырмасын оқып, талап беруді ұйғардым. Илья орындаған тапсырмасын оқып, талдап берді. Тапсырманы орындау деңгейі жаман емес болды.       Ой толғау кезеңінде оқушыларды үш қала бойынша зерттеу жұмысын ұйымдастырдым. Зерттеген қалалары Алматы, Астана, Қарағанды болды. Оқушыларға қайта бағыттау сұрағын қойдым. Сұрақ: Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсыңдар?. Бұл сұраққа «Астан» тобының мүшесі Динара көп ойланбай, Алматы – бұрынғы астанамыз, Қарағанды – біздің туған жеріміз, Астана – жаңа ел ордамыз деп жауап берді. Динараның жауабы, ұшқыр ойы, сабақтан алған білімі маған ұнады. Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс орнады. Сонымен қатар, бұл жұмыста  «Семантикалық карта» стратегиясын пайдаландым. Оқушылардың топтық әрекет етті. «Қарағанды» тобы- сөздерді септеді. Грамматикалық тақырып-септіктер қайталап өтілді. «Алматы» тобы-географиялық орналасуы мен қалалардың көлемін анықтады. «Астана» тобы-мәдени орындары, тарихи ескерткіштері мен қала не өндіретінің анықтады. Бұл жұмыста мұғалімнің әрекеті: топтарды басқарып, оқушылардың зерттеу жұмысын дұрыс орындауға көмектесу, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, көшбасшыны анықтау. Зерттеу жұмысын қорғау кезінде әр топтың көшбасшылары анықталды. Динара, Илья, Сергейден көшбасшылық әрекетті байқадым. Себебі, зерттеу жұмысы кезінде өз топтарын басқарып, жұмыстың дұрыс, жылдам орындалуын қадағалап, сыни тұрғыдан ойлап, қорғаған кезде алға суырлып, көшбасшылық қабілеттерін тағы да көрсете білді.      Тұжырымдау кезеңінде оқушыларға бүгінгі сабақтан алған білімдерін тексеру мақсатында білімді бағалау парағын тараттым.  Оқушылар білімді бағалау парағын толтыра отырып, сұрақтардың жауабын жазуда «дұрыс», «бұрыс» еркін жазу әдісін қолданды. Өз алған білімдерін қорытындылады. Оқушыларға бұл жұмыс бойынша да қосымша баға қойылатыны туралы алдын-ала ескерттім. Оқушылардың біразы, өтілген сабақ бойынша алған білімдерін еркін жазу әдісі арқылы көрсетіп, бағалай білген. Оқушыларды бағалауда смайликтерді қолдандым. смайликтер арқылы оқушыларды бағаладым. Сабаққа белсене  қатысқан оқушыларды  мадақтадым. Оқыту үшін бағалау жүзеге асады.     Үй тапсырмасы берілді. «Қазақстанның ірі қалалары» тақырыбына диолог құрастырып келу. Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілеп алды.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 26.89 Kb
Количество скачиваний: 44
Просмотров: 199

Похожие материалы