Ашық сабақ: "Бірдей сандарды қосу"
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Аманжолова Айгүл Нураковна
|
Сабақтың тақырыбы: Бірдей сандарды қосу.
Сабақтың мақсаты: Бірдей қосылғыштардың қосындысының мәнін табу және екі амалмен шығарылатын есепті талдау.Үшбұрыштың мәні,белгілерін анықтау және оның периметрін табу.
Дамытушылығы: Топта жұмыс жасау арқылы ойларын анық жеткізу, арттыру. Оқушылрдың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,шапшаңдыққа,білімге деген құштарлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайд,домбыралар,сырғалар.
Сабақтың әдісі : түсіндіру,сұрақ-жауап,іздену.
Пәнаралық байланыс : аралас
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық : Балалар шаттық шеңберіне тұрып,бір-біріне деген ақ тілектерін білдіреді.
Мақсатымыз - білім алу
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы беске қолды жеткізу.
Мұғалім: Балалар біз бүгінгі сабағымызды саяхатқа шығу арқылы өтеміз.Олай болса балалар алдыменен үй жұмысымызды тексеріп алайық.
Үй тапсырмасын тексеру: қайталау(сұрақ-жауап)
--- Балалар біз неше топ болып отырмыз?
--- Үш
--- Әр топта неше баладан отыр?
--- Жеті
--- Бұлар қандай сандар?
--- Бірдей сандар
--- Олай болса бүгінгі сабағымыздың жаңа тақырыбы: Бірдей сандарды қосу
Жаңа сабақ:Бірдей сандарды қосу
1-ші есептің а) мен ә) ауызша түсіндіріледі.
---Дәптерлерімізді ашамыз,күннің жадын және тақырыпты жазамыз.
---Ал балалар енді саяхатымызды бастайық.
---Сендер Астана барып көрдіңдер ме?
---Онда біз бүгін Астанаға саяхат жасаймыз.Ол үшін біз ең алдымен мына қақпадан өтуміз керек.(слайдтан қақпаның суреті көрсетіледі).Ал қақпадан өту үшін оқулық - тағы 2 есепті шығару керек.
2 есеп
6= 3+3 6= 2+2+2 9=3+3+3 10= 5+5 10= 2+2+2+2+2 12= 6+6 12= 4+4+4 12=3+3+3+3 12= 2+2+2+2+2+2
---Біз есеп шығару арқылы қақпадан да өттік(қақпаның ашылған түрі көрсетіледі).
---Балалар біз саяхатқа немен барамыз?(пойызбен)
---Ал енді пойызға отыру үшін мына жолсерігінен өтеміз.(слайдтан жол серігі көрсеті-леді).
---Жол серігінен өту үшін 3 есепті шығарамыз.(Наурыз мерекесі туралы түсінік беріле-ді)
Түсті қағаз - 37 парақ
Ақ қағаз - ?18 парақ артық
Барлығы - ? парақ
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.25 Kb |
Количество скачиваний: | 12 |