Ашық сабақ Кәсіптік комьпютерлік бағдарлама пәнінен тақырыбы: Жаңа макрос құру

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы:  Жаңа макрос жазбасы

Сабақ түрі: Тәжірибелік

Сабақ типі: Тәжірибелік сабағы

Сабақтың мақсаты: Түсіндіру, әңгімелесу, пікір алысуды репродуктивті және тәжірибелік тәсілдермен, түйінді мәселе қою арқылы жүргізу

Тәрбиелік: Оқушыларды Photoshop бағдарламасында макрос жазбасы қолдануды  үйретіп жұмысқа жауапкершілікпен қарауына тәрбиелеу

Дамытушылық: Білімін өз бетінше дамытуға дағдысын үйрету

Оқытудың формасы мен жүйесі: Тәжірибелік әдіс,Инсерт әдісі

Көрнекілік құралдар: компьютерлер, сызбалар.

ТОҚ:-

Әдебиеттер: ADOBE Photoshop 7.0.Бэйн С. Тайц А.А. 

ADOBE Photoshop 7.0., официальный учебный курс, разработанный фирмой ADOBE, +CD-ROM, -М, «КубК-а», 1998.  Д. Ларченко, А.Келле - Пелле «Интерьер. Дизайн и компьютерное моделирование» М. 2009г

 

Пән аралық байланыс: Сызу, Киім жобалау

Сабақтың мазмұны мен барысы

 І. Ұйымдастырушылық бөлімі: Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Photoshop бағдарламасын баптау қалай жүзеге асырамыз? 2.Photoshop бағдарламасындағы құрал саймандары?

 

3.Макрос қалай жұмыс істейді?ІІІ. Сабақ тақырыбын хабарлау: Жаңа макрос жазбасы

Action – Photoshop бағдарламасының стандартты құралы. Бұл құрал суреттерге өңдеу әрекеттерін (операций), және алдын ала жазылып қойған әрекеттерді, амалдарды, басқа суреттерге бір батырма басу арқылы қайталап бере алады. Мысалмен түсіндірейін. Сізде екіжүзқырықбес сурет бар делік, сіз сол екіжүзқырықбес суреттің барлығының көлемін 400x250px қа дейін кішірейтіп, сурет астына Д -121 тобы деп жазуыңыз керек болады. Сіз барлық екіжүзқырықбес суреттерді ашып, сансыз қайталанатын амалдарды қайта қайта жасамай ақ, сол жасалу керек амалдарды Action-ға жазып қойып, бір батырманы басу арқылы барлық суретті бірнеше минут ішінде өңдеп шыға аласыз.

Ол қандай құрал? Қай жерде орналасқан?

Ол құрал керемет болғаны соншалықты, сіз күнде қасынан тінтуіңізбен қасынан өтіп кетсеңіз де байқамайсыз, не мән бермейтін боларсыз. Ол құрал мына жерде орналасқан.
Менде ол жерде жоқ, қайдан табамын?

Құралдар арасында жоқ болса мына жерден шығарып ала - аласыз.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 1.65 Mb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 194

Похожие материалы