Презентация информатикадан "Оқушы білімін тексеру" (5 сынып)

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:

 

Оқушылардың білімін жетілдірудегі арқылы тексерулердің маңызы Білім берудің маңызды шарты – оқушылардың пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, білімін жүйелі түрде негіздеп, ізденімпаздық және шығармашылық қабілетін дамыту. Осы мақсатта сабақта білім тексеру әдістерінің де алатын орны ерекше.

Аралық білім берудің түрлері:
1. Сынақ сабақ
2. Фронтальды сабақ
3. Математикалық диктант
4. Практикалық-лабараториялық жұмыс
5. Диагноздық тексеру
6. Ауызша тексеру
1. Сынақ сабақта оқушы білім мен іскерлігі әр түрлі әдіс – тәсілдермен жан – жақты тексеруге болады. Үлестірме материалдар мен топтық тапсырмалар ұйымдастыру арқылы. Аз уақыт ішінде білім мен іскерлігін тексеру мақсатында жүргізілетін бақылау жұмысы.
2. Фронталы сұрақтар беру арқылы тексеру – оқушы білімін тексеріп қана қоймай, оны тереңдетіп, өткен материалды қайталау, есептеу іскерлігі мен дағдысын бекіту. Математикалық тіл дамыту, сөздік қорын молайту және есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал етеді. Жылдам ойлау, ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастырады. Фронталды тексерудің бірнеше түрін қолдануға болады.
а) мұғалім сұрақты ауызша айтады да, оқушы жауап береді.
б) егер тарау бойынша теориялық білім тексеру керек болса, сұрақтарды алдын ала жазып беруге де болады. Мұғалім сұрақтар тізбегін бірнеше рет айналдырып сұрауға да болады. Бірақ әр айналымда қай оқушы неше сұраққа жауап бере алмағанын ескере отырып теориялық білімін бағалау керек.
3. Математикалық диктант алудың әр түрлі тәсілдері бар.
а) жалпы сыныптан алу; тапсырма ауызша оқылады да, оқушы жауабын
жазады.
б) жазбаша түрде үлестірме материалдар тарату арқылы болады. Бұл
әдістің артықшылығы оқушы көреді, бірнеше рет қайталап оқып, ойланады
және есте сақтайды. Диктант уақыты 3 - 5 минут, ал сұрақтар саны 5 - 10
тапсырма болған жөн.
4. Практикалық - лабораториялық жұмыс арқылы оқушы білімін тексеру үшін
алдын - ала сабақтың тақырыбы мен орындалу тәртібі жазылады. Бұл
сабақта оқушылар өздері жаңа математикалық фактілерді тағайындап,
графиктер мен суреттер бойынша жұмыс істеуі мүмкін.
а) модельдер бойынша жұмыс істеу;
б) функциялар беріп олардың графиктерін салу немесе графиктері бойынша
бір заңдылықтарды пайдаланып функцияның түрін анықтау;
5. Дианоздық тексеру.
Ол аз уақыт ішінде оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің деңгейі туралы дұрыс мәлімет алу үшін қолданылады. Бұл жұмыс жаңа сабақты, өткен материалды қалай меңгергендігін анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, сыныптан сыныпқа көшкенде білім дәрежесін анықтауда қолдануға болады.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 2.91 Mb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 198

Похожие материалы