Ашық сабақ математикадан тақырыбы "8 саны мен цифры "
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бейсенбаева Алия Мусаевна
|
Математика 1 сынып
21.11. 2014ж. , 1-ші ауысым, 2-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры.
Сабақтың мақсаты: - Оқушыларды 8 саны және цифрымен таныстыру.
- Танымдылық ойындар ойнату арқылы, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы, білімділік дағдыларын қалыптастыру.
- Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап,
Көрнекілігі: суреттер, карточкалар,
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Психологиялық дайындық. 1-слайд
Қане, біздер ойлайық, Ойымызды жинайық. Қандай есеп болса да, Шешпей оны қоймайық.
ІІІ.Үй жұмысын тексеру. 2-слайд
1) 69 беттегі №4 тексеру.
2) 1 2 3 4 5 6 7 сандарды тура санау, кері санау,
IV. Өткен сабақты қайталау. 3-слайд
-Өткен сабақта қандай санмен, цифрмен таныстық?
-Апта дегеніміз не?
-Апта аттарын еске түсірейік 4-слайд
- Балалар, апта аттары күндерін шатастырып алыпты, орындарын табуға көмектесейік.
V.Жаңа сабақ:
1) Дүйсенбі – 1-күн. 5 - слайд
- 7 сары жұлдызға 1 көк жұлдызды қосу арқылы 8 санымен танысу;
- 8 цифрын көрсету; 6 - слайд
- сандар қатарындағы орнын анықтау; 7 – слайд
- дәптерге 8 санын жазу; 8 - слайд
2) Сейсенбі – 2-күн. 9 -слайд
Теңдіктер құрастыру, дәптерге жазу.
3) Сәрсенбі – 3 күн. 10 - слайд
Суретпен жұмыс
Сурет бойынша теңдіктер құрастыру.
4) Сергіту сәті 11 - слайд
5) Бейсенбі – 4-күн. 12 - слайд
Карточкамен жұмыс
Сандардың көршісін жазу
6) Жұма – 5-күн. 13 - слайд
«Сиқырлы» суреттерді толықтыру
7) Сенбі – 6-күн. 14 - слайд
Геометриялық фигураларды атау. Кесінділерді өлшеу, салыстыру
8) Жексенбі – 7-күн. 15 - слайд
Топпен жұмыс
Әр затқа белгілі бір сан сәйкес келеді. Сол сандарды пайдаланып, Жексенбінің досының мекен-жайын есептеп шығару.
1- топ
Үй
Пәтер
-
-
+
8–4 = 4
6 + 1 = 7
2-топ
Үй
Пәтер
-
+
7–3 = 4
5 + 2 = 7
VI. Қорытынды. 16 – слайд
- Бүгін қандай санмен, цифрмен таныстық?
- Кімдерге көмектестік?
- Қандай тапсырмалар орындадық?
VII. Үйге тапсырма: №5, 72 бет 17 – слайд
VIII. Мадақтау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап,
мадақтау. 18 – слайд
Үсенов атындағы Сабынды орта мектебі
8 саны мен цифры
Математика пәні
1 сынып
Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі Бейсенбаева Әлия Мұсақызы
2014-2015 оқу жылы
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 2.5 Mb |
Количество скачиваний: | 34 |