Ашық сабақ "Мұнай және газ өнеркәсібі"
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Тойтанова Замира Романовна
|
Мұнай және газ өнеркәсібі
Пәні:География
Сабақтың тақырыбы: Мұнай және газ өнеркәсібі
Сабақтың мақсаттары:
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа білімді меңгерту.
IІІ. Оқушылар білімін бекіту.
ІV.Үй тапсырмасы туралы хабар беру.
V. Жаңа сабақты қорытындылау
VI. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру;
Ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу; Б)Оқушылар назарын сабақ барысында білім алуға бағыттап, бірыңғайлап қою.
І-топ-«Мұнай»
ІІ-топ-«Газ»
II.Жаңа сабақ материалын түсіндіруге дайындық
Еліміздегі салааралық кешендердің қайсысы жетекші рөл атқаратынын естеріңе түсіріңдер. Оның негізгі міндеті қандай?
Оқушыларға жеке және жаппай сұрақтар қою арқылы отын түрлері, олардыңорналасқан аудандары туралы 8- сыныпта алған білімдерін нақтылау
ІІІ. Жаңа сабақ материалын түсіндіру кезеңі.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Отын-энергетикалық кешен (ОЭК). Ол екі саладан тұрады. Отын өнеркәсібі мен элект энергетикасы. Оның негізгі міндеті-халықты, шаруашылықтың барлық салаларын отынмен және энергия қуатымен қамтамасызету. Отын және электр энергиясы шаруашылықтың барлық салаларына өте қажет. Еліміздегі отын өнеркәсібінің салаларын естеріңе түсіріңдер.
Отын-энергетика кешені
Балалар, біздер енді отынның түрлерімен жақынырақ таныс болу үшінекі топқа бөлініп әр-түрлі тапсырмалар орындаймыз. Әрбір топ оқушылары берілген тапсырмаларды орындайды.
1-кезең. Танысу
1-топ. Мұнай-қошқыл қоңыр, қара көк, қоймалжың сұйық зат. Мұнайды еш уақытта шикі күйінде пайдаланылмайды. Оны өңдеп 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар, оның ең соңғы қалатын қалдығы гудрон жол құрылысында пайдаланылады. 350 градус температурада қайнаған мұнайдан мазут бөлінеді, оны электор станцияларынды, металлургия пештерінде отын ретінде пайдаланады.
2-топ. Газ-толық қалдықсыз жанатын, ауаны ластамайтын, құбыр арқылы тасымалданатын газ пропан «СзН », метанды «СН » кейбір автокөлікті жүргізуге пайдалынады
Электронды оқулық арқылы түсінік беру.
Қазақстанның қандай аймақтарында мұнай қоры шоғырланғанын естеріңе түсіріңдер. Қазақстанда алғашқы мұнайдың 1-т-сы қай жылы және қай жерден алынды? (Батыс Қазақстанда шоғырланған, 1899 жылы Орал-Ембі алабындағы Қарашүңгілден игерілді)
2-кезең. Кім жылдам?
Картаданы пайдаланып,мұнай мен газ кен орындарын табыңыздарда, мына кестеге толтырыңыздар.
1970 жылдары республикамыздағы барлық мұнайды үш облыс (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе) өндіретін, қазір 6 облыс өндіріп отыр. Көш бастаушы Атырау облысы. Олар қай облыстар екенін анықтап, кескін картаға белгіле. Көш бастаушы Атырау облысы. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд т) Қашаған дүние жүзінде бесінші орында.
Қазақстандағы минералдық отын қоры, 2008
Оның көлемі жөнінен дүние жүзінде жоғарғы орындардың бірін алады
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 365 Kb |
Количество скачиваний: | 50 |