"География арқылы әлемді танимыз"

Предмет: География
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтыңтақырыбы: “География арқылы әлемді танимыз”
Сабақтың мақсаты:

«Әрбіроқушыныңшығармашылыққабілетіндамыту, география пәнінқызығаоқуғаынталандыру, ой - өрісінкеңейту. Тұлғаныкөпшілікке, бірліккежәнеөзойынеркінжеткізебілугетәрбиелеу.Қоршағанортанытаныпбілу. Олайболса, бүгінгісайысбарысында осы география саласыбойыншаоқушылардың ой - өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігінсарапқасалатынболады.»
Сабақтың әдісі: сайыс сабағы

Сабақтың көрнекілігі: карта, глобус, екі топ атаулары,слайд,
Сайыстың жүргізілу реті:

1 - кезең: “Өзін - өзі таныстыру”
2 - кезең: “Кім жылдам?”
3 - кезең: “Адасқан сандар”
4 - кезең: “Кім жүйрік “
5 - кезең: “Артық сөзді тап”
6 - кезең: “Ой елегі”
7 - кезең: “Аудармашы”

Марапаттау кезеңі

Қорытынды
Мұғалім:
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ретіменен тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңды ежелден - жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау - дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар


Білім деген биік шың
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың,

Шуақтап нұрын төккізер

Ендеше ,балалар, сендерге сәттілік тілей отырып сайысымызды бастаймыз.

1-кезең:“Өзін - өзі таныстыру” кезеңімен екі команданы ортаға шақырамыз.

2- кезең«кім жылдам» екі топқа сұрақтар беріледі жылдам әрі нақты жауап беру керек.(әрбір дұрыс жауап 5 ұпай)

1-топқа

1.Мұхит суының басты қасиеттері (температурасы мен тұздылығы)
2. Географиялық қабықтағы ең ірі табиғат кешендері (материктер мен мұхиттар)
3. Жер өз білігінен айналғандағы құбылыс (Күн мен түн ауысады)
4. Осыдан шамамен 180 - 200 миллион жыл бұрынғы материк атауы? (Пангея)
5. Гондвананың құрамындағы материктерді атаңдар (Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия, Антарктида)
6. Гималай тауы шыңының атауы (Джомолунгма 8848 м)
7. Еуразия материгіндегі ең ұзын өзен (Янцзы 5800 км)
8. Ең терең көл атауы (Байкал 1620 м)
9. Теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жері – Ассаль көлі(-157м) деп аталады.(Африка)
10. Қазақстандағы облыс саны қанша? (14)

2-Топқа

1. Су тұздылығының көрсеткіші немен есептеледі? (промилле ‰)
2. Жердің Күнді айналуынан қандай құбылыс байқалады? (жыл мезгілдері ауысады)
3. Лавразияның құрамына жататын материктерді атаңыз? (Еуразия мен Солтүстік Америка)
4. Атлас тауының шыңы қалай аталады? (тубкаль 4165м)
5. Жер шарындағы ең үлкен көл (Каспий— 390 мың км²;)
6. Месопотамия ойпаты қай өзендер аралығында жатыр? (Тигр және Евфрат)
7. Жер шарындағы кіші материк (Аустралия 7, 6 млн км²)
8. Дүние жүзінде ең суы мол өзен (Амазонка)
9. Африка материгінің шығыс шеткі нүктесі (рас – хафун)
10. Қазақстандағы бөлінген экономикалық аудандар саны (5)

3- кезең «Адасқан сандар» сандар жасырылады (қай өзен,көл немесе тауға қатысты) ұзындығы немесе көлемін табу. Екі топқа да қатысты,дұрыс тапқан топқа парақшалар (стикер) беріліп отырады.

*8848 (джомолунгма «эверест»)

* 4506 (алтайдағы «мұзтау»)

* 33640 км кв. (арат теңізі)

* 376000 км кв.(каспий теңізі)

* 2 724км.кв. (қазақстан)

* 5895 м (килиманджаро)

* 6671 км (ніл өзені)

* 587000 км кв. (мадагаскар)

* 30,3 км кв. (африка)

* 44 000 км (экватор)

4-кезең:

Кім жүйрік?карта құрастырып сол бойынша ақпарат беру

дұрыс және толық жауап 10 ұпай
1-топ:
(еуропа жане азия)
2-топ:

(солтүстік және оңтүстік Америка)

5-кезең:

Артық сөзді тап

әрбір сөзге 2 ұпайдан
I – топ
1) Африка, Америка, Еуропа, Антарктида, Арктика, Азия, Аустралия
2) Қала, ауыл, арал, аймақ, аудан
3) Орыстар, қазақтар, ағылшындар, арабтар, граниттер, немістер
4) Шөгінді, гранит, бозальт, озон, әктас, саз
5) Жайық, Іле, Ертіс, Есіл, Үнді, Тобыл, Шу
ІІ - топ
1) Климантан, Хонсю,Кюсю,Шри ланка,Янцзы,
2) Өзен, теңіз, көл, шығанақ, түбек, мұхит
3) Тянь – Шань, Гималай, Памир, Сахара, Анд,Керинчи
4) Меридиан, экватор, полюс, промилле,параллель
5) Биосфера, атмосфера, гидросфера, литосфера,ноосфера.

6-кезең. «ой елегі»ұяшықты таңдап сұрақтарға жауап береміз.Дұрыс жауап 2 ұпайдан

1.Ауаның горизонталь бағыттақозғалуы (Жел)

2.Аустралияныңастанасы (Канберра)

3.Орысқызыныңесіміменаталатынөзен(Лена)

4.Қысы қатал болатын Лапландияны дүние жүзі халықтары қалай атайды? («АязАтаныңмекені»)

5.. «Екіөзенаралығы» депаталатынойпат, бұлойпаттақайекіөзенағыпөтеді? (Месопатамияойпаты.Тигржәне Евфрат өзендері)

6.Жан-жағын су қоршағанқұрлықтыңшағынбөлігі (Арал)

7.Қазіргі шайдың атауымен аталатын Шри-Ланканың бұрынғы атауы (Ассам)

8.Египеттіңастанасы(Каир)

9.Пішініжолбарысқаұқсайтынтүбек (Скандинавия)

10.Абсолют биіктіктерібірдейнүктелердіқосатынсызықтар(Горизонтальдар)

11.Қыздың есімімен аталатын көл (Виктория)

12.Жербетіндеполюстенполюскеойшажүргізілгенсызық (Меридиан)

13.Ұлбаланыңесіміменаталатынпайдалықазба (Алмас)

14.Сөнбеген жанартаулар мен гейзерлердің, мұздықтардың көп болуынан «Мұз бен от елі» деп аталатын ел (Исландия)

15.«Күншығыселі» (Жапония)

16.Жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан биік бөлігі (Тау)

7- кезең: Географиядағы грек және латын сөздерінің аудармасын табу. (қай тілден аударылған және мағынасы ;толық жауап – 6 ұпай;жартылай жауап – 3 ұпай)

Географиядағы грек сөздерінің аудармасы.

Барометр-«салмақ өлшеймін»

География-«Жердісипаттау»

Карта-«табақ»

Полюс-«білік»

Гигрометр-«ылғалөлшеуіш»

Мантия-«шапан»

Кратер-«тостаған»

Метаморфоз-«өзгеру»

Озон-«аңқыған»

Планета-«кезбе»

Географиядағылатынсөздерініңаудармасы

Вегетация-«ояну»

Глобус-«шар»

Орбита-«жол»

Конденсация-«қоюлану»

Меридиан-«талтүстік»

Компонент-«құраушы»

Экватор-«теңестіруші»

Абсолют-«толық»

План-«жалпақ»

Промиль-«мыңғашаққанда»

  • Марапаттау кезеңі:

Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі.

Қорытынды: Құрметті ұстаздар, оқушылар осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Ат салыса қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін!

Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 144.5 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 188

Похожие материалы