Ашық сабақ "Солтүстік америкаға саяхат" (7 сынып)
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кургунбаев Савет Тургунбаевич
|
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат
Сабақтың мақсаты: Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.
Сабақтың міндеттері: 1) Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.
2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге дегенқызығушылықтарын арттыру.
3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі:Өздік ізденіс жұмыс
Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет
Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Қызығушылықты ояту
ІІІ. Материкке шолу
IV. Бекіту
V. Қорытындылау. Бағалау
VI. Үйге тапсырма беру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.
ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,
Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.
АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,
Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,
Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,
Макензи, Миссисипи суым қандай!
Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,
Тамаша көрген адам таң қалғандай.
ІІІ. Материкке шолу.
-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып үштопқа бөлініп жұмыс жасайды)
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.
1-тапсырма
Картаға Солтүстік Американың шеткі ,ең биік және ең төмен нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)
1 топ – Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)
Кордиельер тауының ең биік нүктесі (Мак-Кинли)
2 топ – Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)
Солтүстік Американың мұхит деңгейінен төмен нүктесі.(Өлім аңғары)
3 топ – Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)
Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі)10 ұпай
ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
2-тапсырма/Карусель стратегиясын қолданамыз/
Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандардазерттеушінің суреті тұрады ,ашқан жерлерін табуы тиіс)
ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ
3-тапсырма
Картаға пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру.
мұнай
тас көмір
темір
табиғи газ
№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)
№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)
№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)
КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.
4-тапсырма"Кім жылдам"/әр топ қағазға жазады/ /
1-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)
2-Неше кламматтық белдеу кесіп өтеді? (6 белдеу)
3- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)
4- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)
5- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)
6- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)
ІШКІ СУЛАРЫ
5-тапсырма
Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.
/сәйкестендіру/
ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ
6-тапсырма
Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.
1 топ. Арктикалық шөл – 6, 2
2 топ. Тундра және тайга – 1,7
3топ. Орманды дала – 3, 8
ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ
7-тапсырма
Солтүстік Америка материгініңүш мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын және халқының санын жазу, картадан көрсету.
8-тапсырмаРІSA
Жел энергиясынөндіру, мұнаймен көмір жағу арқылы энергия өндіретін орталықтарды ауыстратын болады. Мынау суреттегі жел диірмендердің қанаттары желдің күші арқылы айналады. Осыған байланысты жел диірмендердегі генераторлар электр энергиясынөндіреді. Төменде жел арқылы энергия өндірудің 4 графикасы берілген.
1/Жел диірмендердің қанаттары желдің жылдамдығы V1-ге тең болғанда айналады.
2/Қауіпсіздік шараларын ойластыруға байланысты егер желдің жылдамдығы V2-ге ден көп болса, жел диірменнің қанаттарының айналу жылдамдығы артпайды.
3/Желдің жылдамдығы V2-ге тең болғанда электр энергиясы көп(максималды) мөлшерде өндіріледі.
4/Желдің жылдамдығыV3-ге тең болғандажел диірмендердің қанаттары тоқтайды.
1 сұрақ: Осы жұмыс шарттарын сақтай отыра желдің жылдамдығы мен өндірілетін электр энергиясының арасындағы байланыс мына графиктердің қайсысында дұрыс көрсетілген?
Жел диірмендер мұхит деңгейінен неғұрлым биік болса оның қанаттары ақырын айналады. Тау етегіндегі желдің жылдамдығымен бірдей болғанынақарамастан
2 сұрақ: Мұхит деңгейінен неғұрлым биік болса, желдің жылдамдығы бірдей болған жағдайда жел диірменнің қанаттары ақырын айналады.
Мына жауаптардың ішіндегі қай тұжырымдамалардың осы құбылысты дұрыс түсіндіреді.
Жауабы: А/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын ауаның тығыздығы кемейді.
В/Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын ауаның температурасы төмендейді
С/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын ауырлық күші кемейді
Д/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын жауын көп жауады.
Бекіту тапсырмалары./Әр оқушыға тестті тарату/
Т Е С Т
1-вариант
2. Солтүстік Америка материгініңең төмен жатқан жері.
3. Көлемі жағынан ең үлкен арал.
4. Мына белдеудің қайсысы Солтүстік Америкада кездеспейді?
а) экваторлықә) арктикалық
5. Солтүстік Америка шығыс жағалауындағы жылы ағыс.
2. Өлім аңғарының абсолюттік биіктігі.
3. Солтүстік Американың ең ұзын өзені.
4. Солтүстік Америка материгінің көпшілік бөлігі қай климаттық белдеуде орналасқан?
а) арктикалықә) қоңыржай
б) тропиктікв) экваторлық
5. «Прерий» деп нені айтады?
Жауаптары:
Әр оқушы бір-бірлерін тексереді. Дұрыс жауабы тақтада жазылып тұрады.
V. Қорытындылау. Бағалау.
-Бүгінгі саяхат-сабағымызда біз Солтүстік Американың ең биік Мак-Кинли шыңына жеттік. Шыңға шыққанда нені көрдік? (биік таудың суретінде Қазақстанның туы тұрады ). Әр топ тапсырмаларды жақсы орындады. Өмір де, білімде де осындай биік шыңдарға жете біліңіздер.
VІ. Үйге тапсырма: «Солтүстік Америка материгіне бір күндік саяхат» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 118.5 Kb |
Количество скачиваний: | 16 |