Ашық сабақ. Тақырыбы: Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология. Интернет, ұялы телефонның пайдасы мен зияны ( 11 класс )
Предмет: | Физика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Шапиева Алия Азатовна
|
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Дебат туралы мәлімет беру, шартымен, тәртібімен таныстыру. Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты оқушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;
Дамытушылық: Оқушылардың интернет, ұялы телефон туралы толық ой қалыптастыру, оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз ойларын тиянақты жете айта біліп, сахнада өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап /ситуация туғызу, шешу жолын айту,
нақты дәлелдер келтіру/
Түрі: дебат (пікір-сайыс)
Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!
-Дебат әлеміне қош келдіңіздер!!!
-бүгін: «Қазақстанның байланыс құралдары: Сандық технология.
Интернет, ұялы телефонның пайдасы мен зияны»атты пікір-сайыс өткіземіз
Дебат – интеллектуалдық пікір-сайыс, өз ойынды анық , әсерлі ,
нақты түрде дәлелдеуге баулиды.
ПІКІР-САЙЫСТЫҢ ШАРТЫ
1. Пікір-сайыстың негізгі мақсаты- өзіңіз ұстанып отырған
бағытын дұрыс екенін дәлелдеп шығу.
2. Екі қарсы топ жақтаушы, даттаушы берілген қатар бойынша
төрешілерді өз бағыттарының дұрыс екеніне көндіруі тиіс.
3. Әр топ бес ойыншыдан тұрады . Әрқайсысының ойында өз орны
бар және міндеттері нақты белгіленген.
Пікірталас шарттары:
1. Әр топ өздерін таныстырады.
2. екі топ өз пікірлерін ортаға салып, дәлелдеп шығады, әр топқа 3 мин
3. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
4. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
5. Көрермендердің дауысы
6. Қорытынды. Сарапшыларды тыңдаймыз
Әр ойынды уақытты қадағалап отыратын уақыт төрешісі болуы тиіс. Оны таймпер деп атайды.
-Бүгінгі қатысушыларымызбен таныс болыңыздар .
1. «Болашақ» командасы
2. « Келешек» командасы
« Болашақ » командасы:
«Келешек» командасы:
1. Спикер: Алтаев Әділ
2. Спикер: Қалиасқарова Арай
3. Спикер: Шарипханова Забира
4. Спикер: Серикханов Айтуар
5. Спикер: Төлеубаева Айым
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 54.37 Kb |
Количество скачиваний: | 147 |