Ашық сабақ: Тақырыбы: "Қысқаша көбейту формулалары"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Токина Жанель Асановна
|
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары
Сабақтың мақсаты: 1. Қысқаша көбейту формулаларын жатқа айта отырып, оқушыларды есептер шығару дағдыларын қалыптастыру.
2. Оқушылардың ой-өрісін пәнге деген қызығушылығын дамыту
3. Оқушыларды жауапкершілікке,ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа үйрету.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндірмелі баяндау, топпен,сто, топтастыру, бес есеп, бір формула
Түрі: қорытынды сабақ
Көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, тест,бағалау парағы, слайдтар,БББ кестесі, семантикалық карта, интерактивті тақта .
Барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу ә) Н.Ә Назарбаевтің суретін слайдпен көрсету
б) сабақтың айдары
«Адамзат үшін XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары сіздердің еншілеріңізде» / Елбасымыздың оқушыларға жолдауынан/
в) психологиялық ахуал туғызу «Жүрек жылуы» тренинг
II. Үй тапсырмасын сұрау.(слайд арқылы есептің шығару жолы көрсетіледі)
III. Қызығушылығын ояту
а) Математикалық домино (сәйкестендіру)
б) Ауызша есептер
Бұл бөлімде оқушылар осы формулалардың жауабын тауып, ережелерін қағазға түсіріп жазады. Жауабын жұбымен талқылайды.
IV. Мағынаны тану.
а) деңгейлік тапсырмалар беру.
1 топ 1деңгей .
2 деңгей
2 топ. 1 деңгей
3.топ. 1 деңгей
1.Көбейтуді орында: (х – 4с)(х +4с)
2.Екі өрнектің қосындысының квадраты түрінде жаз: х2 - 2х + 1
ә) Тест (10 минут)
1.Көпмүше түрінде жаз: ( 5х-4)(5х+4)
А) 25х-16; В) 25х2-16; С) 16-25х2; Д) 25х2-4,
2. Көпмүше түрінде жаз: 81d2-64c2
А) (9d-8c)(9d+8с); В) (8с-9d)(8c+9d) C)8c2-8dc+46d2Д) (9d+8c)(-9d-8c)2
3. Екімүшенің квадратын көпмүше түрінде жаз: (х+9)2
А) (х+9)(х-9) В) х2-18х+81 С)х2+18х+81 Д) х2-81-18х
4. Үшмүшені екімүшенің квадраты түрінде жаз: в2+2в+1
А) (в-1)(в+1) В) (в-1)2 С) в2-1 Д) (в+1)2
5. Көпмүше түрінде жаз: (m+n)3
А) m3+3m2n+3mn2+n3В) (m+n)(m-n) С) m3+2mn+n3Д) m3-3m2n+3m2n-n3
6.Көпмүшені екімүшенің кубы түрінде жазыңдар: х3+3х2+3х+1
А) (х+1)3 В) (х-1)3 С) х3-1 Д) х3+3х2+3х+1.
V. Ой толғаныс.( бекіту)
а) Семантикалық карта.
ә) Топтастыру әдісі.
б) Бес есеп, бір формула .
Әр топтар бір формуладан алып, 5 есепті интерактивті тақтаға орындайды.
VI. Рефлекция. БББ кестесін толтыру.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма Қысқаша көбейту формуласына 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын құрып келу.
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 286.49 Kb |
Количество скачиваний: | 1 |