Ашық сабақ, «Ыбырай Алтынсарин «Қарабатыр»

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
    Бұл сабақ алдынғы лексикалық сабақтармен тығыз байланысты болатын. Себебі, өткен тақырып пен өтілген ашық сабақтың байланыстығы тақырып мазмұны мен сағат санына байланысты. Жоспар құрастырғанда сыныптың жас ерекшеліктері мен қабілеттері ескерілді. Сабақтың мақсатына жету үшін, алдыма міндеттер қойылды. Білімділігі: өткен тақырыпты естеріне түсіру, жаңа лекикалық минимумдарды қолдануға жаттықтыру, оқушылардың тіл байлықтарын дамыту. Дамытушылық міндеті: ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, жинақтау, жүйелеу қабілеттерін жетілдіру. Ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру. Тәрбиелік міндеті: эстетикалық сезімдеріне әсер ету, Отанды сүйу, қорғау, батырлық, ерлік жайында ұлттық тәрбиемен байланыстыра отыру, оқушылардың паттриоттық сезімдерін қалыптастыру болатын. Осы міндеттерді шешу үшін сабақты мынадай кезеңдерге бөлдім: -         Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа көңіл бөлдіріп, олармен ауыз екі сұхбат орнату. -         Өткенді қайталау. Өткен тақырыпты қайталап, жаңа сабақпен ұштастырдым. Бұл кезеңде оқушылар Отан, батырлық туралы мақал-мәтелдер айтып, сабақты өрбітті. Яғни үй тапсырмасын орындады. -         Жаңа сабақ. Бұл кезеңде жаңа тақырыптың лексикалық, мағыналық мазмұның анықтадық. Негізгі кезеңде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріліп, әр оқушы өз жұмыстарын өздігімен орындады. -         Бекіту кезеңінде оқушыларға сыни тұрғысынан сұрақтар қойылып, оқушылар берілген сұрақтарға жауап бере алды.            Қорытынды. Оқушыларды бағаладым. Мадақтау, ой бөлісу сәті жүргізілді.     Сабақ кезеңдері бір-бірімен байланысты болды. Жаңа сабақтың мақсатына жету үшін ең басты қолданған әдісім, деңгейлеп, сыни ойлау әдістерін қолдандым.  Сабақта қолданылған көрнекіліктер тиімді қолданылды. Оқушылардың бір-бірімен, мұғаліммен қарым-қатынасы жоғары деңгейде болды. Сабақ соңында рефлексия жүргізілді. Берілген уақыт ұтымды пайдаланылды. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздар сабақты жоғары деңгейде бағалады. Мен сабақта алға қойылған мақсатыма жеттім.    
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 51 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 227

Похожие материалы