Ашық сабақ.Қазақ тілі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Мақсаты: Заттың санын білдіретін сөздер туралы мағлұматты жалпылау,тереңдету.Сөз таптарының бірі - сан есім туралы алған білімді қайталау

Сөйлемдегі сөздердің ішінен санын білдіретін сөздерді табуға үйрену,сұрақтарын қойып табуға машықтану. Сөз таптарын бекіту

Дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту.

Күтілетін нәтиже

1. Оқушыларда сан есім туралы түсінік бар, сан есім заттың санын білдіретінін түсінеді

2. Қайталау сабағына оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Сыни тұрғыдан ойлау әдістері арқылы сабақта әр оқушыны қамтуға жағдай жасау

Негізгі идеялар:

1. Оқушылардың бірін-бір оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2. Оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабағымда, 7 модульді ықпалдастыра алдым.

Сабақтың құрылымы мен түріне келетін болсақ:

Сабақ бағдарламаның мазмұнына сай, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып,тапсырмалар құрылды.Пәнаралық байланыс: музыка,дүниетану, математика. Білімді жалпыла және жүйелеу мақсатында,оқушылармен жеке,жұптық,топтық жұмыс ұйымдастырдым.

Оқыту тәсілдері мен әдістері:

Бүгінгі сабақта «Дода» , «Нақты сандар кабинеті», «Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы, «Өрмекші», «Сәйкестігін тап», Семантикалық картаны қолдандым.

Дода әдісі: мақсатым: сабақты ашып алу үшін қолдандым,әр түрлі сандар арқылы жеңіл әрі қиынырақ сұрақтар барын білді. «Нақты сандар кабинеті» мақсатым: өмірмен байланысты көрсету,өмірде қолданыста бар сандар қатарын көрсету, оқушыларды қисынды ойландыру үшін және байқағыштық қасиетін дамыту.

«Ойлан-жұптас-талқыла» стратегиясы, мақсатым: оқушыны жұпта,одан кейін топта жұмыс жасату. Бір -бірін оқыту арқылы жұмыс жасау. Мысалды қоршаған ортадан алу,ойландыру. Дайын күйінде ұсынбау.

«Өрмекші», «Сәйкестігін тап», екі топқа ұсындым,мақсатым: толығымен еске түсіру, тірек сөздер арқылы сызба құрастыру керек болды. Өрмекші әдісін жиі қолданып көрмегендіктен,тірек сөздер ұсындым. Уақыт үнемдедім.

Семантикалық картаны қолдандым. Қорытынды жасау үшін, келесі сабақта оқушымен нені қаталап бастау үшін қолдандым.

Оқушылар іс-әрекеті: сыныпта оқушылар саны аз болғандықтан, топ саны екеу болды,топқа тең бөлінді. Оқушыларды ынталандыра алдым. Берген тапсырманы орындап, оқушыларым уақыт кетіріп немесе бостан босқа отырмайды.

Сабаққа қойған мақсатыма жеттім.Тиімді деген әдістерді қолдандым.оқушылардың ұжымдық ойлау қызметін ұйымдастыра алдым.

Сабақта танымдық мағынасын ғана ашып қоймай сонымен қатар,тәрбиелік мәнін де аштым, қазақ халқының киелі ұғымдары. Топқа бөлінуде өз отбасымен байланыстар. Қазақстан,адам сөздері арқылы бар білімдерін қолдана алды.

Сабақ жоспарлағандай ойымнан шықты.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 63.5 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 73

Похожие материалы