Ашық сабақФизикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

Предмет: География
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Аубакирова Алмагуль Амангельдиновна География 6-сынып Тақырыбы: Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды? Мақсаты: Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын  кеңейту. Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту. Сабақтың түрі: жаңа тақырып Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, интерактивті тақта. Сабақтың кезеңдері: Ұйымдастыру кезеңі Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі Сабақты қорытындылау кезеңі Бағалау кезеңі Үйге тапсырма беру кезеңі Сабақтың барысы   Сабақ-тың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті 1. Ұйым-дастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.  2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі. 1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды: 1) Жер туралы не білесіңдер? 2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар? 3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар. 2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары: 1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет. 2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет. 1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді: 1) Жер – күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады. 2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник...   3. Жаңа материалға көшу География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді – физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта  физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.   Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.  4. Жаңа мате-риалды меңгерту кезеңі. 1. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым.  География ғылымы және оның салалары. Физикалық география.  Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.  2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?  Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен. Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары – Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Интреактивті тақтамен жұмыс жасайды. 1-слайд. Ежелгі заман саяхатшылары.  Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы.  XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Интерактивті тақта. 2-слайд. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.  Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы.  XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды.   Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды.  Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. 5. Жаңа тақы-рыпты бекіту кезеңі  Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің  қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды. 6. Сабақты қорытындылау кезеңі Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау: 1. География ғылымы нені зерттейді? 2. Физикалық география немен шұғылданады? 3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған? 4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?   Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді. 7. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады. 8. Үйге тапсырма беру кезеңі 1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.    
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 162 B
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 100

Похожие материалы