Ашық тәрбие сағаты: Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Тақырыбы: «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім»     Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан туралы,оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру,Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау,көрсету;оқушыларды өз елін сүюге,қадірлеуге,осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу,өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету. Көрнекілігі:Қазақ елі рәміздері,нақыл сөздер,слайдтар Түрі:аралас Әдісі: Сабақтың барысы: Кіріспе сөз. Құрметті ұстаздар мен оқушылар ! Сіздерді Тәуелсіздіктің 21  мерекесімен құттықтай отырып,бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 1.Хор:«Желтоқсан желі» 8-сынып оқушылары 2.Баяндама « Желтоқсан ызғары» Баяндамашы Тыныштық Фариза 1-жүргізуші:     Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар осы кештің қадірлі қонақтары! Бүгінгі 16 желтоқсан тәуелсіздігімізге 20 жыл толуына байланысты «Тәуелсіздік тірегім,Қазақстан жүрегім» атты  кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 2-жүргізуші: Тәуелсіздік-қасиетің,құнарың, Тәуелсіздік-жарқыраған шынарың Тәуелсіздік-бар бақыттың бастауы Тәуелсіздік-ұлтың менен ұраның 1-жүргізуші:    Бүгінгі кешімізді ашу үшін сөз кезегі мектеп директоры Мәжкенов Ғани ағайға береміз.                  Бүгінгі тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ.Бес жыл өтсе де,бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Соның бірі әйгілі желтоқсан оқиғасы.    1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды.Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға щықты. Желтоқсан желі дауылға айналды.1986 жыл 16 желтоқсан жергілікті уақыт сағат 1000 шамасында Қазақстанның жаңа тарихының бастауымен болашағының жолайырығы болған Республиканың Орталық Комитетінің 5-пленумі өтті.Осы пленумда Дінмұхаммед Қонаевтің орнына, көріпбілмеген Колбинді бір ауыздан сайлады. 2-жүргізуші:   17-желтоқсан жергілікті уақыт шамамен 7-8 шамасында Брежнев атындағы алаңға жастардың алғашқы тобы шоғырлана бастады.Барлығы 200-300 адамдай,қолдарында айқара көтерген ұрандары бар «Ұлт саясатының Лениндік принциптерін сыйлауды талап етеміз!», «Әр Республикаға-өзінің басшысы!», «Қазақстан Жасасын!«деген сияқты  қазақ-орыс тілдеріндегі жазбаларын ұстап,өткінші жұрттың назарын еріксіз аударғандай еді.    Көрініс: «Абақтыдағы Қайрат»1-топ оқушылар  1-жүргізуші: -Иә,желтоқсан оқиғасын еске алғанда әуелі,сөз жоқ,желкілдеп өсіп келе жатқан ағаларымыз бен апаларымыздың тағдырын жасұрпақтай жапырып,өктемдік пен үстемдіктің табанының астына тастаған қайғылы да қаралы күн еріксіз еске түседі. Желтоқсан оқиғасы... Осы бір ауыз сөзден әлі күнге дейін ызғар есіп тұрғандай.Оны еске алған сайын арқамызды аяз,маңдайымызды мұз,табанымызды сыз қарығандай күй кешетініміз рас.Өйткені ол күллі әлемді дүр сілкіндірген күндер еді.   1986 жылдың желтоқсаны қазақ үшін қасіреттің соңы,бақыттың басы еді.Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Сәбира Мұхаммеджанова,Ербол Сыпатаевтарды еске алып,оларға тағзым ету парызымыз.           Мәресі мұңлы ма ғасырдан                                  ғасырға кетер ісінің,   Атақты Желтоқсан көтерілісінің,   Ең басты күресі тіл үшін болғанын.   Бақ тілеп тілге иліккендерге,   Бұл жолы да біз билікпен бірге,   Желтоқсанды еске алып бір минут үнсіз тұралық....
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 60.5 Kb
Количество скачиваний: 123
Просмотров: 333

Похожие материалы