Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа !
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Садыкова Айгуль Жарылгаповна
|
Сабақтың тақырыбы: Асыл сөзді іздесең, Абайды, оқы, таңырқа!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар Ұлы ақын-А.Құнанбайұлының балалық және жастық
шағы ,өскен ортасымен таныстыру.Ақындығы мен композиторлығын таныту.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып,өсуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік:Гуманистік,адамгершілік,еңбек,имандылық тәрбиесін беру.
Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу
Көрнекілігі: Абай өлеңдер жинағынан кітаптар көрмесі, Абай портреті, карточкалар, слайд, бейнетаспа, домбыра.
Сабақтың барысы
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сабақ екі бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Абай-ұлы тұлға» конференция сабағы
2-бөлімі: «Абайды оқы, таңырқа! Сайыс сабағы
1-бөлім.
Топтастыру. Ұлы ақын Тіл ұстартушы
Данышпан Реалист
Философ Сазгер
Суреткер Абай
Аудармашы Жазушы
Сөз зергері Қазақ әдебиетін қалаушы
1-оқушы (Диас) Абай, Абай, Ұлы Абай, дана Абай
Дана Абайым- қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам-ай
Көшелер қанша Абай атында біз өткен,
Ескерткіш аз ба қаланың сәнін түзеткен
Мектептер қанша, ауылдар қанша, қала бар.
Ақын есімі құрметтелуде ізетпен.
2-оқушы (Жомарт) Абай дана, ғұламасы елімнің,
Абай ақын, мақтанышы жерімнің,
Абай атты бір данышпан болмаса,
Ақ-қарасын кім айырмақ өмірдің?!
Сүйсінемін жазғанын оқығанда,
Абай сөзі бағдаршам оқырманға,
Адасатын адамдар болмас еді,
Абай ойын кеудеге тоқығанда.
3-оқушы: (Жанаргүл) Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа,
Теңеймен мен өзіңді биік шыңға.
Арманым болмас еді бұл өмірде,
Сіз секілді кіре алсам жыр бағына.
Абай жаны-құбылыс, мәңгі жұмбақ,
Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ.
Сөздеріңді ұран ғып алты Алашқа,
Ұрпақтар жалғасады мәңгі жырлап.
Мұғалім: Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құанабаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойындағы кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдақты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтарының мәдениеті мен өмірін білуге шақырды.
4-оқушы: Жақсылық пен жамандықты. Әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
5-оқушы: Адамгершілік пен арлылық. Махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
6-оқушы: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
7-оқушы: Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
8-оқушы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанда әлемге танытымыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
Мұғалім: Абайдың шын аты ИбраҺим болған. Абай деп әжесі еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш «Телғара» деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.
Абай бар өмірін өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрыңғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керсінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судың екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абай санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 13 жасында қайтарып алады. Абайдың медреседегі оқуы осымен аяқталады.
Абай Шығыстың классик ақындары фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. шағармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Бейнетаспадан «Абай мұражайын» тамашалау
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік. Қабыш Ақерке мен Ашкенова Жанаргүлдің орындауында «Абай біздің бабамыз»
Картография
1845-Абай Құнанбаев Семей облысы, қазіргі Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келді.
1855-Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.
1859 – Абай 13 жасында сықақ өлеңдер шығарады.
1865 –Абай 20 жасында от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Абай білімге ден қойып. Араб, парсы, түркі тілдерін үйренген.
1875- Абай 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды. Ұрлық қылған кісіге жазаны аямай беріп, ел арасындағы ұрлыққа қатты тыйым салды.
1880- Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан.
1904 - Абай Құнанбаев 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтты.
1909 –Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы басылып шықты.
1945 – Ұлы ақын Абайдың туғаныны 100 жыл толы.
1960 –Алматы қаласында Абай ескерткіші қойылды
1968- Қарағанды обл. Абай кеңшарында Абайға ескерткіш қойылды.
1970- Абай мұражайы күрделі жөндеуден өтті.
1971-Семей обл. (Қазіргі Шығыс Қазақстан обл) ескерткіш тұрғызады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 359.01 Kb |
Количество скачиваний: | 26 |