Материал Ата заңым- арқа сүйер айбарым автора Балманова Шолпан Жибекалиевна временно недоступен по запросу правообладателя.
Если вы являетесь автором этой работы, вы можете восстановить публикацию на Uroki.me и сохранить своё имя в каталоге учителей.
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Ата заңым- арқа сүйер айбарымАта заңым-Алтын заңым айбыным,Сенің күшің, сезілмесе қайғы-мұң.Туыстық пен татулықты ту еткен,Сен арқылы туды бірдей ай, күнім. Ата заңым-Алтын заңым айбыным,Дүниенің жиған барлық байлығын.Сен арқылы араладым жер-көкті,Кең далада тебістіріп тай-құлын. Ата заңым- Алтын заңым айбыным,Шапағатың сеуіп тұр ғой ай-нұрын.Сенің тілің араласса араға,Күні бітті кешегідей даулының. Ата заңым-Алтын заңым айбыным,Бастауыңда дала заңы, Жарғының.Үстін басып жаншығанда арсызды,Ал, астына түскендейсің арлының. Ата заңым-Алтын заңым айбыным,Қасымханның қасқа жолы арлы ұғым.Өмірімді өріп бердің өрнектеп,Сен арқылы жақсы күйім, жайлымын.Ата заңым-Алтын заңым айбыным,Есімханның ескі жолы бар тұғын.Біздің ғасыр жаңа дәуір белесі,Әділ сөзбен жарастырған жарлығын. Ата заңым-Алтын заңым айбыным,Азаттықтың таңы атып, жайды нұр.Тәуелсіздік тағылымын ту еткен,Шанағымда шаттық күй мен тәтті жыр. Ата заңым - азат елің алғы күн,Түрі, тегі, тілі, діні, ұлты мың.Татулықта табыстырған сан мыңды,Сен бар жерде айбындымын, арлымын. Ата заңым-Алтын заңым айбарым,Құлаш ұрып, көкті кешу арманым.Алтын заңның аясында аялы,Жасампаз ел, желбіресін байрағың! Ата заңым-арқа сүйер айбарым,Қиялымды ұштап берді қайрағың.Ақ найзаның ұшын безеп келгенде,Көк туыңды көкке қадап байладың. Арал көпсалалы колледжінің оқытушысы Шолпан Жібекәліқызы.