Здесь была ссылка на работу Атамекен – алтын бесік автора Мырзатаева Фариза Орынбасаровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Білімділік: Оқушыларға атамекен, туған жер туралы түсінік беру. Атамекен, туған жер жөнінде мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, мақтаныш сезімдерін ояту, арттыру. Тәрбиелік: Оқушыларды Отанды, туған жерді сүюге, қорғай білуге, қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. 1.Атамекен дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Атамекенін анасындай сүю үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек? 3.Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер? 4. «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының бір – бірінен қандай айырмашылықтары бар? 5.Өз атамекенің, туған жер, Отаның туралы не айта аласыңдар? ІV.Жаңа ақпарат Атамекен – туған халқының, ұлтының мекен еткен, ата – бабаның қоныс тепкен жері. Ал, туған жер – әр адамның дүние есігін ашып, өмірге келген жері. Атамекенді сүйе білген адамның бойында отансүйгіштік, жауапкершілік, сенімділік, батылдық қасиеттері болуы керек. Атамекеннің, туған елдің көркеюі, гүлденуі, жаңарып, жаңғыруы сол жерде туып өскен азаматтарға, ұрпақтарға байланысты болады. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен бастап өз болашағына, өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да, өткені де атамекенмен тығыз байланыста болады. Халқымыздың атамекенді, туған жерді ардақтау, қасиет тұту – қанға сіңген мінез, ежелгі дәстүр. Бұл таным біздің жанымызға ана сүтімен тараған, ана сүтімен дарыған.