"Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сорғылар." (7 сынып)

Предмет: Физика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Атмосфераның құрылымы өте күрделі. Оның негізгі қабаттары: 
Трапосфера; стратосфера; мезосфера; термосфера;

Биіктігі 760 мм.сын.бағ. қысымына тең, 0°С температурадағы атмосфералық қысым қалыпты атмосфералық қысым деп аталады.
Қалыпты атмосфералық қысым 760 мм. cын.бағ. =101325 Па= 1013гПа=100кПа=105Па

Егер біз ұшақпен жоғары көтерілсек немесе төмен шахтаға түссек, құлағымыз бітіп қалатынын сеземіз. Бұл атмосфералық қысымның биіктікпен тереңдікке байланысты өзгеріп отыратынын көрсетеді. 

Атмосфералық қысымының тек биіктікке ғана емес, сонымен бірге ауа райына да байланысты өзгеріп отыратынын Торричелли де, Паскаль да дәлелдеп берді. 
Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін пайдаланып, анероидтарды көбіне көтерілу биіктігін көрсететіндей етіп градуирлейді. Сонда құрал орналасқан биіктікті көрсетеді. Мұндай анероидтарды альтиметрлер деп атайды. Ұшқыштар ұшу биіктігін үнемі қадағалап отыру үшін альтиметрлер ұшақтарға  орнатылады.

Жер бетінде 5-6км биіктікте ауаның жартысы, ал 10-11 км биіктікте ¼ бөлігі ғана бар. Адам 4-5 километрге дейінгі биіктікте өмір сүре алады. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 129.98 Kb
Количество скачиваний: 71
Просмотров: 163

Похожие материалы